Қоғам • 14 Сәуір, 2021

Биыл «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 800 мың пәтер беріледі

35 рет көрсетілді

Биыл «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 800 мың пәтер беріледі. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім беріп, талаптарына сәйкес келмей қалған отбасыларға «Шаңырақ» бағдарламасын ұсынамыз. Онда да алғашқы жарна – 10 пайыз, ал жылдық мөлшерлеме – 5 пайыз. Бастапқы нарықтағы үй ғана сатып алынуы керек. Ондай баспананы жеке құрылыс компаниялары да салуы мүмкін, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» кепілдендірген үй болуы да мүмкін. «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған үйлерді әкімдіктермен бірге осы бағдарлама арқылы беруді жоспарлап отырмыз. Қазір осы үйлерге сұраныс көп. Мамыр айының ішінде 8000-ға жуық пәтер Baspana.kz сайтында қатысады. Мұнда да «Шаңырақ» бағдарламасына қатысушылар есепке тұрған жылына қарай баспаналы болады», деді банк басшысы.

Банк басшысының айтуынша, бүгінге дейін «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында 9800-ден астам отбасы қоныс тойын тойлаған. Биыл олардың саны тағы 5 мыңға көбейеді.

«Жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы баспанамен қамтылған отбасылардың санын екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Жыл соңында жеңілдетілген бағдарламалар аясында 10 пайыздық алғашы жарна төлеу арқылы баспаналы болған отбасылардың санын 20 мыңға жеткіземіз деп ойлаймыз», деді банк төрайымы.

Соңғы жаңалықтар

Бір шаңырақтан – үш майдангер

Руханият • Бүгін, 14:00

Қазақ дегеніміз – Бауыржан...

Руханият • Бүгін, 09:45

505-ші түрменің тұтқындары

Тарих • Бүгін, 09:15

Амманға аттанды

Спорт • Кеше

Қадір түнінің қасиеті

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар