Қазақстан • 16 Сәуір, 2021

Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясында Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев Тұңғыш Президенттің «Түркі әлемінің рухани астанасын» құрудағы бастамасына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді

«Соның бірі – Түркі елдерінің бірлескен арнайы экономикалық аймағын, Ұлы Түркілер білім беру қорын және Түркі кеңесінің даму банкін құру, Түркі әлемінің туристік картасын жасау, Түркі әлемін біріктіретін замдегор дәлізі мен трансдәлізі іспеттес қатынастарды одан әрі күшейте түсетін бірқатар тың бастаманы көтерді», дейді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Шахрат Нұрышев, сондай-ақ, Елбасымыз тағы да өз көрегендігін танытып, қазіргі күрделі халықаралық ахуалға байланысты Вашингтон, Мәскеу, Бежің және Бруссель арасындағы ауқымды келіссөздер үдерісін бастау жөніндегі ұсынысын қолдауға шақырғандығын тілге тиек етті.

«Өз кезегінде, Түркі басқосуынан шыққан бұл үндеудің маңыздылығына ерекше назар аударылуы керек. Қорытындылай келе, коронавирус пандемиясының салдарынан саммиттің онлайн форматта өткізілгеніне қарамастан, оның нәтижелері түркі әлемінің болашақта ғаламдық саясатта беделді ойыншыға айналатынына сенім білдірді», дейді ведомство басшысының орынбасары.