Руханият • 16 Сәуір, 2021

Түркі интеграциясы жаңа деңгейге көтерілді – Шахрат Нұрышев

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясында Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бейресми саммитінің қорытындылары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркі интеграциясы жаңа деңгейге көтерілді – Шахрат Нұрышев

Кеңес құрамындағы мемлекет басшыларының салиқалы саясаты түркі интеграциясын жаңа деңгейге көтеріп, «түркі ренесансына» мұрындық болғанын атап өтті.

«Ортақ тамыры, тарихи, мәдени және ұлттық құндылықтары бар түркі мемлекеттерінің өсіп келе жатқан беделі мен экономикалық қуаты халықаралық және өңірлік ауқымда ынтымақтастықты барған сайын тартымды ете түсуде. Энергетикалық ресурстардың болуы және қолайлы географиялық орналасуы, біздің елдерді жаһандық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі ретінде айқындауда», деді Шахрат Нұрышев.