Аймақтар • 27 Сәуір, 2021

Қызылорда – тағы да «қызыл аймақта»

393 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дәл қазір мамандар Қызылорда қаласындағы эпи­д­ахуалды тұрақсыз деп бағалап отыр. Бес күн бұрын облыс орталығы «қызыл аймақта» тұрған өңір­лер қатарына енді. Соңғы аптада күніне 36-дан 44-ке дейін жағдай тіркелуде. Осылайша, сырқат­тану­шы­лық көрсеткіші алдыңғы аптадан 63,4 пайызға ұлғайды.

Қызылорда – тағы да «қызыл аймақта»

Пандемия басталғалы бері қала бойынша ауырғандар саны – 3 170 адам, осының 1 102-сі – жыл басынан бері анық­талғандар. Қалада тәулі­гіне орта есеппен 250-300 сынама жүргізіледі. Сына­ма қорытындысына жасал­ған зерт­теу сәуір айында COVID-19 індетімен сырқат­та­ну­шылық көрсеткіші қаң­тар­дан – 3,8, ақпан айын­дағы көрсеткіштен – 3,7, ал нау­рыз айындағы дең­гей­ден 4,9 есе асқанын көр­сетті. Жалпы,  ауырғандар ара­­сында ересектер көп – 81 па­­йыз. Бала­лар үлесі – 19, ал жас­­өс­пірімдер 1,9% болып тұр.

– Вирус жұқтырған­дар кө­беюінің негізгі себебі тұр­ғындардың карантин­дік шараларды сақтамауы. Қаладағы 12 егу кабинетін­де вакциналау жалғасуда. Сон­дай-ақ жыл­жымалы егу пункттері де жұмыс істеп тұр. Алда ірі сауда-ойын ор­та­л­ықтары мен сауда үй­лерін­де екпе орындарын ашу жос­парда тұр. Қазір бұл ба­ғытта дайындық жұ­­мыс­та­­ры жүргізілуде. Он­­да­ғы са­­нитарлық-эпи­де­мия­лық та­­лаптар да медици­на­лық ұйым­дағыдай қатаң сақта­ла­­тын болады. Қала бойын­ша 1 ақпаннан бастап 15 174 адам егудің бірін­ші ком­понентімен, 5 002 тұр­­ғын екінші компонентпен қам­тылып отыр, – деді Қызыл­орда қаласының бас мем­лекеттік санитарлық дәрі­гері Ерлан Ұзақбаев. – Жыл басынан бері шек­теу талап­тарының сақ­талуына жасал­ған тексеру барысында 62 айыппұл са­лынды. 52 нысан жоспардан тыс тексеріліп, ұйғарым берілді. 

Дәл қазір 12 шұғыл хабарлама бойынша тиісті тексеру тағайындалды. Жал­пы, жыл басынан бері каран­тиндік режім талаптарын бұз­­ғандарға Әкімшілік құ­қық бұзушылық туралы ко­декстің 425-бабының 1-бөлі­­гімен 5 332 260 теңге айып­­пұл салынып отыр.

 

ҚЫЗЫЛОРДА