Бокс • 28 Сәуір, 2021

Төрт спортшымыз – финалда

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Сербияның бас шаһары – Белградта бокстан халықаралық Belgrade Winner турнирі өтіп жатыр. Күні кеше жарыстың жартылай финал бәсекелері аяқталып, финалға жолдама алған боксшылар анықталды.

Төрт спортшымыз – финалда

Халықаралық жарыстың финалына Қазақстан құрамасының төрт былғары қолғап шебері шықты. Атап айтар бол­сақ, турнирдің алтын жүлдесі үшін жерлес­терімізден Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит (91 кг), былтырғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Сәкен Бибосынов (52 кг), 2020 жылғы Қазақстан чемпионы Ертуған Зейнулинов (63 кг) және жастар арасындағы әлем чемпио­ны Нұрбек Оралбай (81 кг) жұдырықтасады.

Ал жартылай финалда қарсыластарына жол берген Олимпиада жолдамасының иегері, Қазақстан чемпионы Абылайхан Жүсіпов (69 кг), ел біріншілігінің жүлдегер­лері Нұрқанат Райыс (75 кг) пен Нұрлан Сапар­бай (+91 кг) жарыстың қола жүлдесіне ие болды.