Елбасы • 30 Сәуір, 2021

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

740 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қымбатты отандастар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

 

Бұл күн баршамыз үшін татулық пен келісімнің, патриотизмнің символы болып саналады.

Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде еліміз қол жеткізген барлық жетістік – Отанымыздың тағдыры үшін ортақ жауапкершілікті сезіне білген күллі қазақстандықтардың береке-бірлігінің көрінісі.

Көпұлтты халқымыздың мызғымас достығы Қазақ-
стан мемлекеттілігінің басты тірегінің біріне айналды.

Біздің мақсатымыз – қажыр-қайратымыз бен ертеңгі күнге деген сенімнің бастауы болған ел бірлігін бұдан да әрі көздің қарашығындай қорғау.

Тек татулықтың арқасында ғана біз басымызға түскен сынақтардан сүрінбей өтеміз.

Қазақстан халқының ырысты ынтымағы әрдайым жаңа белестерді бағындыруға жол ашады деп кәміл сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!