Медицина • 01 Мамыр, 2021

Соңғы тәулікте 109 мың қазақстандық КВИ-ға қарсы егілді – ДСМ

173 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігімен вакцинацияға барынша қол жеткізу қамтамасыз етілді. Халықты жаппай иммундау үшін еліміздің барлық емханалары мен ірі сауда орталықтарында 1400 вакцинация пункті ашылды, оның ішінде 300 жылжымалы. 11 мыңнан астам медицина қызметкері вакцинация науқанын өткізуге тартылды.

Соңғы тәулікте 109 мың қазақстандық КВИ-ға қарсы егілді – ДСМ

COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын ерікті негізде 1 293 379 адам және 266457 адам вакцинаның екінші дозасын алды.

Әлемдік рейтингіне сәйкес Қазақстан 177 елдің ішінде 30 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияланғандардың абсолютті саны бойынша 51 - орында тұр.

Вакцинация қарқыны қазір азаматтардың өздерінің саналы көзқарасына, жақындарының денсаулығы мен жалпы иммунитеттің пайдасына олардың дұрыс таңдауына байланысты екенін атап өткен жөн.

Бұл ретте, вакцинация ерікті негізде жүзеге асырылады және ел тұрғындарының вакциналардың үш түрін (SputnikV, QazVac және HayatVax) таңдау мүмкіндігі бар.

Республика бойынша 2021 жылғы 30 сәуірдегі вакцинациялаудың тәуліктік қарқыны 109 мыңға дейін өсті және ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі деректермен салыстырғанда 11 есеге ұлғайды.

Халық белсенділігінің осы қарқынын сақтау ай сайын шамамен 2 млн.халықты вакцинациялаумен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда қолданылатын вакциналар қауіпсіздік пен тиімділікке тексеруден өтті, сондықтан олар коронавирустық инфекцияны жұқтыруға қарсы дәлелденген құрал болып табылады. Бүгінгі таңда тек вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретінін естен шығармау керек.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде короновирустық инфекцияның таралуының күрт өсуі байқалады. Осылайша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикалық деректеріне сәйкес ағымдағы жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша COVID – 19 жұқтырудың 151 104 146 жағдайы тіркелді, оның ішінде 128 987 465 адам қалпына келді, 3 178 208 қайтыс болды, өлім – жітім көрсеткіші 2,1% – ды құрайды.

Бір тәулік ішінде 879 586 жағдай тіркелген, коронавирустық инфекциямен ауыратындардың жалпы санының өсуі – 0,6% құрайды.