Аймақтар • 05 Мамыр, 2021

Татулық – тәуелсіздікке тірек

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы бірлігі күніне орай дөңгелек үстел өтті. «Қоғамдық келісім» КММ ұйым­дастырған «Достық. Береке. Бірлік – тәуелсіздік кепілі» тақырыбындағы шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, ҰҒА академигі Қылышбай Бисенов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, жоғары оқу орындарының басшылары, зиялы қауым өкілдері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Татулық – тәуелсіздікке тірек

Іс-шараға қатысушылар әуелі аймақ суретшілерінің туындыларынан жасақталған «Сыр елі сурет­ші көзімен: кеше және бүгін» атты жылжымалы көрмені тамашалады. 

Облыстық ішкі саясат бас­қар­масының басшысы Мира Қазбекова қатысушыларды  бір­лік мерекесімен құттықтап, дөң­гелек үстел жұмысының маңыз­дылығына тоқталды. Ел тату­лығының тәуелсіздік тұғырына ай­налғандығы айтылған жиынды Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл «Ынтымақ, бірлік, келісім, ең асыл бақыт ел үшін» тақырыбындағы баяндамасымен жалғастырды. ҰҒА академигі Қылышбай Бисенов «Елбасы және тәуелсіздік: татулық пен келісім жолы», облыстық неміс этномәдени бірлестігінің мүшесі Светлана Крюгер «Бейбітшілік пен келісім – біздің ортақ мүддеміз» тақырыбында баяндама жасады.

Қорқыт Ата атындағы Қы­зылор­да университетінің сту­денті, ҚХА жанындағы «Абай қазынасына саяхат» клубының жетекшісі Елена Пак пен облыстық «Кызылординские вести» газетінің жауапты хатшысы, журналист Кирилл Денисов бірлігі мол елдің ертеңі жарқын болатыны жайлы тұшымды пікір айтты.

 

ҚЫЗЫЛОРДА