Білім • 07 Мамыр, 2021

Өзін өзі тану – денсаулыққа апарар жол!

458 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дәл осындай тақырыпппен ZOOM платформасында республикалық семинар өтті. Оған «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының қызметкерлері, ғалымдар мен ұстаздар және осы салада еңбек етіп жүрген басқа да мамандар қатысты.

Өзін өзі тану – денсаулыққа апарар жол!

Айтулы жиында Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова, «Бөбек» орталығының бас директоры Елена Сәкенова, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, ҰҒА академигі, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов, «АҮДҰИ» КеАҚ президентінің міндетін атқраушы Ирина Калачева және «Өзін-өзі тану» оқу-сауықтыру кешенінің директоры Мақпал Аденова сөйледі.

Елена Сәкенова өзін-өзі тану ерте жастан басталып, өмір бойы жалғасатын үздіксіз ізденіс екенін айтты. Әр балаға баға жетпес қазына – білім беруге деген шы­найы ықылас «өзін өзі тану» бағ­дарламасын жүзеге асыруға ықпал етті. Өйткені адам өзін, өз мүмкіндіктерін білмейінше тағдырдың қолында ойыншық болады. Сондай-ақ, балалық шақты қолдау мақсатында Сара Назарбаева 1992 жылы «Бөбек» қайырымдылық қорын құрды, оның қызметі аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға қолдау көрсетуге ба­ғыт­талғаны айтылды.

«Өзін-өзі тану» оқу-сауық­тыру кешені еліміздің барлық өңірінен келген балаларды сауықтыру, физикалық және рухани денсаулығын қолдау және сақтау бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыратыны туралы Мақпал Аденова айтып берді. 22 күнге созылатын сауықтыру ауысымдары 110 баланы қамтиды, бір жыл ішінде 1 320 бала сауықтырылады. 1997 жылдан бастап «Бөбек» ҰҒПББСО-да 40 мың бала өз денсаулығын нығайтты.

Семинар барысында филология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу қаласындағы Оңалту және білім беру орталығының директоры С.Войтас, С.Асфен­дияров атындағы ҚазҰМУ Қо­ғамдық денсаулық кафе­дра­сы­ның профессоры Қ.Тоғыз­бае­ва, жоғары санатты балалар неврологы, Балаларды оңалту ұлттық орталығының директоры Ш.Бүлекбаева, «Балдәурен республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК бас директоры С.Әлібаев, «Айкуне» қазақ гим­настикасының авторы, өнертапқыш, халық меди­цинасының магистрі А.Байма­ғамбетов және тағы басқа мамандар өз баяндамаларын ортаға салды.

 

АЛМАТЫ