Қоғам • 12 Мамыр, 2021

Шымкент-Ыстамбұл бағытындағы тікелей рейстер қайта ашылады

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркиялық Pegasus Airlines әуекомпаниясы 23 мамырдан бастап Ыстамбұлдан Шымкентке тікелей рейсті жаңартады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент-Ыстамбұл бағытындағы тікелей рейстер қайта ашылады

Pegasus Airlines мәліметінше, 23 мамырдан бастап апта сайын жексенбіде ұшақ Ыстамбұлдан Шымкентке ұшады, кері бағытқа рейс дүйсенбі шығады.

Шымкент-Ыстамбұл рейсінің бағасы 169 доллардан (шамамен 72 313 теңге), ал Ыстамбұл-Шымкент рейсі 171 доллардан (шамамен 73 169 теңге) басталады. Ең арзан тарифке салмағы бес килограмға дейін және өлшемі 50×40×20 сантиметр болатын қол жүгін тасымалдау кіреді.

Компанияның қазақстандық өкілдері тасымалдаушының ақпаратын растады, бірақ ведомствоаралық комиссияның жаңа рұқсат беру қаулысы әлі шықпағанын айтты.

Соған қарамастан, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері Pegasus Airlines компаниясынан Ыстамбұл-Шымкент рейсі қайта басталады ма деген сұраққа мұндай жоспар барын және билеттер сатылымға шыққанын айтты

Соңғы жаңалықтар