Аймақтар • 12 Мамыр, 2021

Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап, қайтыс болды

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап, қайтыс болды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін түнгі сағат 01.40-та Исатай-Махамбет көшесі 82/1 мекенжайында болған.

1963 жылы туған ер адам терезеден секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Марқұмның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдемге сағат 02.04-те шақырту түскенін, алайда  ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмғанын айтады.