Қазақстан • 12 Мамыр, 2021

Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыздың денесі елге жеткізілді

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияда қаза тапқан 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі бүгін Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыздың денесі елге жеткізілді

Марқұмды туыстары елорда маңындағы Қабанбай батыр ауылында жерлемек. Анасы «Әселдің өз еркімен көп қабатты үйден секіруі мүмкін емес», дейді.

Қыздың өліміне қатысы болуы мүмкін күдікті 4 азамат анықталған. Солардың бірі қайтыс болған қыздың күйеуі. Ол марқұмды Грузияға жұмыс істеу үшін шақыртып алыпты. Бірақ Грузияның Бас прокуратурасы «марқұм өз-өзіне қол салған» деген нұсқаны да жоққа шығармайды.

Соңғы жаңалықтар