Бокс • 13 Мамыр, 2021

8 раундта – 8 миллион доллар

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлемнің экс-чемпионы бри­таниялық Билли Джо Сондерс мекси­калық Сауль Альвареспен сегіз раунд жұ­дырықтасқаны үшін 8 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.

8 раундта –  8 миллион доллар

Америкалық The Athletic басылымының журналисі Майк Коппинджердің мәліметі бойынша, бұл – Сондерстің кәсіпқой бокс­та алған ең көп гонорары. «Билли Джо Сондерс Альвареспен өткен жекпе-жегі үшін 8 миллион доллар тапты. Мансабына қауіп төндіретін жарақатын ескерсек, ол өзін өмір бойына қамтамасыз ететін қаржы алды», дейді Коппинджер.

Сауль Альварес пен Билли Джо Сон­дерс 9 мамырда АҚШ-тың Арлингтон қала­сында өткен бокс кешінің басты жекпе-же­гінде жұдырықтасып, кездесу 8-раундта мек­сикалық боксшының техникалық жеңісімен аяқталған еді.

Соңғы жаңалықтар