Өнер • 27 Мамыр, 2021

Елорда сахнасында – «Кармен»

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

29 және 30 мамырда «Астана Опера» театрының жетекші солисі Мейір Байнеш алғаш рет Ж.Бизенің «Кармен» операсындағы Дон Хозенің партиясында Үлкен зал сахнасына шығады.

Елорда сахнасында – «Кармен»

Ал Микаэла рөлін алғашқы күні Қазақстанның еңбек сі­ңір­ген қайраткері Жамила Джар­кимбаева сомдаса, келесі күні опера труппасының со­лисі Ай­гүл Ниязова өзін­дік интерпретациясымен көп­шілік назарына ұсынбақ. Қы­зуқанды әрі еркіндікке жаны құмар сыған қызы Кар­меннің бас партиясын Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері Дина Хамзина мен Татьяна Вицинская орындайды. Тореадор Эскамильоның бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев пен жуырда ғана театр­дың опера труппасын толық­тырған солист Расул Жар­ма­ғамбетов сомдайды.

Оқиға ХІХ ғасырдың бі­рінші жартысындағы Ис­па­нияда өрбиді. Мұнда сұлу, сылқым, еркін сыған қызы Кар­мен темекі фабрикасындағы жұ­мыскерлер арасынан бір­ден көзге түседі. Бастапқы шы­ғар­мадан өзгешелік ретін­де Бизе кейіпкерінің мінезін жақсы жаққа өзгертіп, бірбет­кейлігі мен еркіндігіне баса назар аударылған. Либретто авторлары опера әрекетіне бей­нелі халық сахналарын енгізген. Оңтүстіктің ыс­тық күні астындағы қызба қа­уым, сыған қыздары мен кон­тра­бандашылардың мүсіндері, бұқа жарысының көтеріңкі көңіл күйі Кармен, Хозе, Микаэла мен Эскамильоның операдағы өзіндік мінезін, олардың тағ­дырының дра­матизмін ерек­шелейді. Ли­бреттосын Проспер Мерименің аттас әңгімесі бойынша Анри Мельяк пен Людовик Галеви жазған. Туын­дының қоюшы дирижері – театрдың бас дирижері, Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері, Мемлекеттік сыйлық лау­реаты Алан Бөрібаев. Қою­шы режиссер – Лоренцо Амато, қою­шы сценограф – Эцио Фриджерио, костюмдер бойынша суретші – Фран­ка Скуарчапино, жарық бо­йынша суретші – Якопо Пан­тани, проекциялар бойын­ша суретші – Серджио Металли. Бас хормейстер – Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Қоюшы режис­сер­дің ассистенті – Еренбақ Той­кенов. Қоюшы балетмейс­тер­лер – Елена Шерст­нева, Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұр­қалиев, жауапты концертмейс­тер, синхрон редакторы – Еле­на Сахно, балалар хорының же­тек­шісі – Алтынғаным Ахметова.