Қазақстан • 12 Маусым, 2021

«Атамекен» рейтингі оқу орны туралы алғашқы пікірді қалыптастырады - Олжас Ордабаев

1468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төртінші жыл қатарынан қазақстандық жоғары оқу орындарының білім бағдарламаларына рейтинг жүргізіп келеді. 2018-2020 жж. аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен үш рет жарияланды. «Атамекен» ҰКП Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев  MEDIA CLUB QAZAQSTAN платформасында өткен эфирде рейтинг түрлі талаптар бойынша жүргізілуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атамекен» рейтингі оқу орны туралы алғашқы пікірді қалыптастырады - Олжас Ордабаев

«Рейтинг оқу орны туралы алғашқы пікірді қалыптастырады. Ол қандай талаптар бойынша жасалатыны өте маңызды. Біз төртінші жыл қатарынан ұсынып жүрген рейтинг екі талап бойынша жүргізіледі. Біріншісі – түлектердің жұмысқа орналасуы, екіншісі – білім бағдарламаларының өзектілігі. Яғни студент оқып жүргенде керек дағдыларды қаншалықты көп меңгеретінін, оқу бітірген соң бір жыл ішінде жұмыс табуына қаншалықты көмектесетінін зерттейді. «Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды. Олар әр түрлі талаптар бойынша жүргізілуі керек. «Атамекен» ҰКП рейтингі түлектердің жүмысқа орналасу деңгейі бойынша жасалады»,-дейді Олжас Ордабаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Атамекен» ҰКП жүргізген зерттеу жұмысында 2 мың білім беру бағдарламасы қамтылды, 68 мың түлектің жұмысқа тұруына талдау жасалды. Рейтинг 108 университет бойынша жүргізілді.

Рейтинг нәтижесі бойынша еліміз бойынша үздік деп танылған алғашқы 5 университет:

  1. М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті;
  2. Қазақстан-Британ университеті;
  3. КИМЭП университеті;
  4. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;
  5. Қазақстан-Неміс университеті.