Ауа райы • 14 Маусым, 2021

Бүгін 38 градусқа дейін аптап ыстық болады

1612 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 14 маусым күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін 38 градусқа дейін аптап ыстық болады

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Қарағанды облысында 14 маусымда – күндіз, 15 маусымда тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады. Күндіз 15 маусымда жекелеген аумақтарда 35 градус ыстық күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары каупі болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 23 м/с артуы ықтимал. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғып, күндіз 15-20 м/с артады. Бесқарағай ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Қостанай облысында күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болжанады. Жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с артады.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай болжанады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 17-22, 25 м/с артады. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қаласында кей уақытта шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыстан 17-22 м/с күшпен жел тұрады.