Коронавирус • 15 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп барады

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада соңғы аптада коронавирус жұқтыру жағдайы 7 пайызға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп барады

«Қазақстанда 15 маусымға дейін COVID-19-дың оң нәтижесімен 402 996 науқас, ал КВИ минуспен 56 705 жағдай тіркелген. Пациенттердің шамамен 94 пайызы жазылып шықты.

6 маусымнан бері Қазақстан Республикасы жасыл аймақта тұр.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы қалып отыр. Бұған қоса, өткен аптамен салыстырғанда науқастану өсімі 7 пайызға артып, 1 365-те 1461 жағдайға дейін жетті. Ал қалған өңірлер «жасыл» және «сары» аймақта жатыр», деді министр.

Оның дерегінше, елімізді соңғы апт ішінде КВИ-дің анықталған жағдайы 16 пайызға азайды.

«Республика бойынша жұқпалы аурулар төсек-орындарының жүктемесі 15 маусымда 23 пайызға, ал жансақтау төсек-орындарының саны 21 пайызға қысқарды», деді Алексей Цой.