Аймақтар • 15 Маусым, 2021

Алматы облысында оқушыларды қағып кеткен жүргізуші сотталды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында төрт оқушы қызды қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында оқушыларды қағып кеткен жүргізуші сотталды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық сотында 2 наурыз күні мас күйінде төрт оқушы қызды қағып кеткен Әсет Демесіновке қатысты үкім шығарылды. Зардап шеккен қыздар 8-9 жаста болатын. Олардың екеуі қайтыс болды, үшіншісі ауруханаға түсті, оның денсаулығына орташа ауырлық дәрежесінде жарақат келген. Прокурор сотталушыны көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жаза тағайындау кезінде сот Демесіновтің шын жүректен өкініш білдіруін, оның мінез-құлқын және келтірілген зиянды толық өтеуін ескерді.

Сот сондай-ақ зардап шеккен тараптың ер адамды кешірмегенін, оған заңға сәйкес қатаң жаза сұрауын ескерді.

Нәтижесінде сот көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең ауыр жазаны тағайындады. Сот жәбірленушілердің біреуінің талаптарын қанағаттандырды, Демесінов қайтыс болған қыздың анасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуі керек.

Соңғы жаңалықтар