Аймақтар • 21 Маусым, 2021

Әлемді өзгерту – жастардың міндеті

777 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде қоғамда жастарға қатысты мәселе көп. Жастардың ой-санасы мен көзқарасын дұрыс қалыптастыру, өмірге көзқарасын айқындау да – маңызды міндеттің бірі. Осы орайда Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және әлеуметтік маңызы бар экологиялық жобаларды қолдау мақсатында ÁLEMDI ÓZGERT атты үздік жобалар байқауы өтті.

Әлемді өзгерту – жастардың міндеті

Аталған байқауды Жамбыл об­лыс­тық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды. Бұл шара жастарды өзін өзі тәрбиелеуге баулиды. Әсіресе жастарды экологиялық сананы өзгертуге, жақсы мен жаманды саралай білуге шақырады.

«Жобалардың бәрін де қарап шық­тық. Жастар аталған жобаға тың идея­лар ұсынған. Сонымен қатар әртүрлі бағыттағы мәселелерді де қамтыған. Осындай байқауларға тұрақты қаты­сып тұратын жас­тарымыз да жетерлік. Үздік деп танылған жобалар алдағы уақыт­та қолдау тауып, іске асырылады деген сенімдемін. Жобаға кез келген жас өз жұмысын ұсына алады», дейді қазылар алқасының мүшесі Асхат Олжабай.

Байқауға өңірдегі жоғары және арнаулы оқу орындарынан 15 студент қатысып, өзінің қазақ және орыс тілдеріндегі публицистикалық жұмыстарын ұсынған. Қазылар алқа­сының шешіміне сәйкес «Әлеуметтік бағыттағы мәселелер» аталымы бо­йынша Халықаралық Тараз ин­­нова­ция­лық институтының сту­денті Б.Асқар, «Құқықтық бағыт­тағы мәселелер» аталымы бо­йын­ша «Тараз-Болашақ» жоғары меди­циналық колледжінің сту­денті Д.Берекеева, «Экологиялық бағыттағы мәселелер» аталымы бойынша Халықаралық Тараз ин­новациялық институтының студенті Ш.Жүсіпов және «Әскери бағыттағы мәселелер» аталымы бойынша М.Х.Дулати атын­дағы Тараз өңірлік университетінің сту­денті Е.Юсупов жеңім­паз атанды. Жеңім­­паздарға ұйымдастырушылар тарапынан ар­найы дипломдар мен бағалы сый­лықтар берілді.

«Мен ұсынған жоба әлеуметтік мәсе­лелерді шешуге бағытталған. Бү­гін­гі қоғамда ажырасу белең алып отыр. Жобада отбасы құндылықтарын сақ­тау және ажырасуды азайтудың жолдары ұсынылды. Алдағы уақытта да әлеу­меттік мәселелерге байланысты ұйым­дас­тырылған түрлі байқау­ларда бел­сен­ділік танытамын», дейді байқау жеңім­пазы Б.Асқар.

 

Жамбыл облысы