Коронавирус • 21 Маусым, 2021

Коронавирустан емделіп жатқан 442 науқастың жағдайы ауыр – ДСМ

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 21 маусымдағы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирустан емделіп жатқан 442 науқастың жағдайы ауыр – ДСМ

21 маусымдағы мәлімет бойынша 21 504 адам коронавирус инфекциясынан (20 295 КВИ+ және 1 209 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде:

- 6 497 пациент стационарда

- 15 007 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында:

- 442 адамның жағдайы ауыр

- 86 пациенттің жағдайы өте ауыр

- 54 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Соңғы тәулікте 8 адам - коронавирустан, 1 адам - пневмониядан көз жұмған.

 

Соңғы жаңалықтар