Коронавирус • 25 Маусым, 2021

«Дельта» штамы Уханда табылған алғашқы штамға қарағанда 2 есе жұқпалы – ДДСҰ

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың үнді нұсқасы Уханда табылған алғашқы штамға қарағанда екі есе жұқпалы. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дельта» штамы Уханда табылған алғашқы штамға қарағанда 2 есе жұқпалы – ДДСҰ

Сваминатанның айтуынша, таралу жылдамдығын ескерсе, коронавирустың «дельта» нұсқасы әлемдегі басым штамға айналуы мүмкін.

«Жақсы жаңалық, қазіргі уақытта әлемде қолданылып жүрген вакцинаның көпшілігі ең болмағанда, ауыр сырқаттану жағдайының алдын алуда тиімді көрінеді», деді Сваминатан.

ДДСҰ мәліметі бойынша, «дельта» штамы әлемнің 92 елінде тіркелген.

Бұған дейін Қазақстанда да табылды деген қауіп анықталғаны хабарланған болатын. Нұр-Сұлтанда үнді штамы пациенттердің 56 пайызында алдын ала расталған. ВАК карантин шектеулерін күшейту туралы шешім шығарды.