Қоғам • 28 Маусым, 2021

БАҚ-тың міндеті айрықша мәнге ие

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

БАҚ-тың міндеті айрықша мәнге ие

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Журналистер қашанда біздің айналамызда, оқиға ортасында, ең маңызды тақырыптардың алғы шебінде жүреді. Мемлекеттің қалыптасу кезеңінде және азаматтық қоғамды дамыту мәселелерінде БАҚ-тың орны мен міндеті айрықша мәнге ие.
Түрлі медиақұрылымдарда жұмыс істегенімде, «Қазақстан» РТРК-ны басқарғанымда немесе Мем­лекет басшысының баспасөз қызметіне жетекшілік етіп жүріп мен өзіме әріптес санайтын журналист қауымының кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігіне, батылдығы мен табандылығына сүйсінген сәттерім көп болды. Әсіресе олардың жаңа идеялар мен игі өзгерістерді қолдауға қашанда әзір тұратын елге­зектігі разы ететін.
Электронды БАҚ пен интернеттің жаһандық дамуы кезеңінде журналистер енді шығармашылық әрі техникалық тұрғыдан таным көкжиегін кеңейте түсіп, тұтас ақпарат ағынын игеруге көшті.
Отандық журналистиканың үздік дәстүрлерін сақтап, білім-біліктеріңізді тұрақты жетілдіре отырып, кәсіби борыштарыңызды табыспен атқару­ларыңызға тілектеспін!


Есетжан ҚОСЫБАЕВ,
2004-2006 жылдардағы Мәдениет,
ақпарат және спорт министрі,
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы