Экология • 13 Шілде, 2021

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа ілінді

151 рет көрсетілді

Көлсайда екі баласымен бірге серуендеп жүрген қар барысы көзге түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, «Көлсай көлдері» ұлттық паркіндегі фототұзаққа тағы да қар барысы түскен.

Видеодан екі күшігімен бірге серуендеп жүрген ілбістің аналығын көруге болады. Бұған дейін де саябақта орналасқан фототұзақ Қызыл кітапқа енген жыртқышты бірнеше рет тіркеген еді.

Парк аумағында тек 16 қар барысы бар. Жануарлардың саны тұрақты сақталып тұр. Естеріңізге сала кетейік, қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Біздің елде 120-130 қар барысы мекендейді, әлемде 7 мыңнан аспайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Бар жақсымыз – балаларға

Қазақстан • Кеше

Алтын қыз

Спорт • Кеше

Талант пен талап

Әдебиет • Кеше

Әдеби өмірдегі әйелдер

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар