Сайлау • 26 Шілде, 2021

Жұрт сенімі – үлкен сын

252 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Қызылорда облысындағы 54 сайлау учаскесінде тұрғындар ауыл басшысын таңдап, дауыс берді. Өңірдегі 40 ауылды басқармаққа үмітті 122 кандидаттың 47-сі саяси партиялардан, қалғаны – өзін-өзі ұсынғандар. Түске дейін аймақтағы 36 071 сайлаушының 48,8 пайызы таңдау жасап үлгірді.

Жұрт сенімі –  үлкен сын

Облыстағы 6 округ бойынша 2 кандидаттан, 28 округте 3, 5 округте төрт, ал бір округте 6 үміткерден тіркелген. Облыс орталығына жақын Сырдария ауданындағы 3 округте тұрғындар лайықты үміткерге дауыс берді.

Осы аудандағы сайлау өткен 3 ауыл­дың бірі – Нағи Ілиясов атын иеле­­нген іргелі елді мекен. Ауыл шаруа­­шылығы тұралай бастаған тоқ­саныншы жылдары қиындық тартқан елді мекен кейін жергілікті іскер азамат­тардың жанашырлығының арқасында жаңғырып, аудан орталықтарымен бәсекеге түсердей кейіпке енген. Гүл­зарлар мен орталық алаңдағы субұр­қақ, қалада кездесе бермейтін сауда үйлері – бүгінгі ауыл тұрмысының ай­ға­ғы. Мұндағы әлеуметтік нысан­дар­дың да қатары толық. Бизнес пен билік арасындағы әріптестіктің арқа­сында ауылда стадион,  жергілікті әкім­шілік ғимараты салынды. Қазір ауыл­дағылардың дені осындағы «Мағжан және К» серіктестігінде еңбек етеді. Мем­ле­кеттік қолдауды ұтымды пайдаланып, мал басын көбейтіп жатқандар да бар.  Кешегі күні ауылдағы 1 330 сай­лау­шы болашақта осы іргелі ауыл­дың тізгінін ұстайтын үміткерді таңдады.

Ауылдағы ең алғашқы дауыс беру­шілер егістік алқапта еңбек етіп жатқан диқандар болыпты. Ертерек келген олар сайлау учаскесінің ашылуын күтіп, санитарлық талаптарға сай таңдауын жасап, жұмыстарына жөнеліпті.

Сайлау учаскесінің төрағасы Ілияс Анафияев саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне тұрғындардың сергек қарап отырғанын айтып өтті.

 Осы күні облыс бойынша 313 бай­қау­шы сайлау барысын бақылады. Со­л­ар­дың бірі – «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» қоғамдық бірлестігінің атынан қаты­сып отырған Мұрат Қаймолдаев. Ол таңнан бастап дауыс берушілер қатары үзілмегенін айтады.

– Таңдаудың ауыл экономикасына, оны дамытуға, елдің болашағына тікелей қатысы барын жақсы түсінген сайлаушылар науқаннан шет қалып жатқан жоқ. Әсіресе, жастардың белсенділігі қатты байқалады.  Сайлау учаскесінде санитарлық талаптың сақталуына да қатты мән беріп, келушілерді сол талап­тарға сай қабылдап жатқанына тәнті болдым, – дейді ол.

Батыр есімін иеленген ауылда жұмыс­сыз жүрген жан жоқтың қасы. Әлеумет­тік мәселелердің шешілуіне жергілікті іскер азаматтар қолдау көрсетіп отыр.

Дегенмен де осындағы екі мыңнан астам тұрғынның тұрмысын әлі де жақ­сартып, кәсіпкерлікті дамыту бағы­тында атқарылар іс көп. Жергілікті тұрғындар үш үміткердің арасынан осы талап үде­сінен шығып, ел сенімін арқалай алады деген азаматқа дауыс берді.

 

Қызылорда облысы