![Боксшы Бекзат Нұрдәулетов Олимпиаданы аяқтады](/media/2021/07/28/crop-10_0_322x484_2021_07_28_crop-10_16_903x1355_1627448249.jpg)
81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бекзат Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевпен кездескен болатын.
Тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді.
Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты.
Ал Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.