Саясат • 29 Шілде, 2021

Өзекті мәселелер – депутаттар назарында

286 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Сенатор Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысына сапары аясында өңірді ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге маманданған Қызылқоға ауданында болды, деп хабарлады жоғарғы Палата­ның баспасөз қызметі.

Өзекті мәселелер – депутаттар назарында

Сенатормен кездесуде Мұқыр ауылының тұрғындары мәдениет үйі мен спорт кешенінің құрылысына қатысты мәселелерді көтерді. Бұл құрылыстардың бірі басталмай, екіншісі аяқталмай тұр. Мұқыр – Құлсары автомобиль жолының жағдайы да тұрғындарды алаңдатып отыр. Сенатор бұл мәселе туралы хабардар екенін және бұдан бұрын ол туралы еліміздің Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал жолдағанын айтты.

«Менің депутаттық сауалыма Мұқыр – Құлсары автомобиль жолы Мақат – Қандығаш жолы­ның құрылысынан үнем­дел­ген қаражат есебінен салынады деген жауап келді. Бұл жол­дың құрылысы 2025 жылға де­йінгі авто­мобиль жолдарының ке­шен­ді жоспарында жеке тар­мақ­пен белгіленген», деді Ғұмар Дүйсембаев.

Сенатор сондай-ақ шағын ауыл­дарды аралап, тұрғындармен кездесіп, елді мекендердің проб­лемаларымен танысты.

«Осы сапар барысында мен Кенбай, Қоңыраулы, Тас­құдық, Соркөл, Сарықұмақ және Былқылдақты ауылдарына ба­руды жоспарлаған едім. Олар­дың күрделі мәселелерін шешуге көмектесу маңызды деп са­най­мын. Бұрын фермерлік ор­та­лықтар болған Қызылқоға ауданының осы алты ауылына газ құбырын тарту жұмыстарын бастау үшін жақында 300 мил­лион теңге бөлінді. Қазіргі уақытта тендер жарияланып, алғашқы жоба­лық жұмыстар басталады», деді Ғұмар Дүйсембаев.

Сенатор сондай-ақ электр қуатын өшіру проблема­сын «Атырау-Жарық» басшылы­ғы­мен пысықтау қажеттігін, ал газ құбырын тарту жұмыс­тары аяқ­талғанға дейін ауыл тұрғын­дарын көмірмен уақытында қамтамасыз ету қажет екенін атап айтты.

Тасқұдық ауылының тұр­ғын­дары таза ауызсумен қамта­ма­сыз ету мәселесін айты. Өйт­ке­ні ауыз суы бар құдық жеке ша­­­руа қо­жа­лығының жерін­де қал­­ған екен. Сенатор бұл мәсе­ле­ге назар аударып, әкімдік өкіл­дер­і­­не мәселені шешу қажет­ті­гін айт­­ты. Олар ауызсу мәсе­лесі жа­­­қын арада шешілетін бо­ла­ды, ал малға арналған су «ҚазТрансОйл»компаниясының жер­­гі­­­­лік­ті филиалының қолдауы­мен қам­­тамасыз етіледі деп жа­уап берді.

Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысындағы шағын ауылдардың өткір мәселелері үнемі өз назарын­да екенін айтып, оларды шешу жөніндегі жұмыстарды жалғас­тыруға уәде етті.

Сенаторлар Бақытжан Жұма­ғұлов пен Ләззат Сүлеймен Ал­маты облысының Ақсу ауда­нын­­дағы Қапал ауылына барған са­парлары барысында бірқатар әлеу­меттік нысанды аралап, ха­лық­пен кездесті.

Депутаттар 1984 жылы са­лынғ­ан емхананың жұмысымен де танысты. Дәрігерлер ұжымы­мен кездесуде ауылда акушер-гинеколог пен хирург мамандар жетіспейтіндігі және «Жедел жәр­дем» көліктерінің ескіргендігі айтылды. Сенаторлар бұл мәсе­лелердің шешімі табылатынын және облыс басшылығымен бір­лесіп, «Жедел жәрдем» көліктерін жаңалауды қолға алатындарын атап өтті.

Депутаттар ауылдағы атақты Тамшыбұлақты көріктендіру жоспарымен, тарихи жәдігер – Шаяхмет бай үйіне жүргізілген реставрациялық жұмыстармен танысты. Осы үйде Қапалдың өлкетану музейін ұйымдастыру жос­пары туралы айтылды. Сена­торлар оған қолдау көрсеті­летінін атап өтті.

«Қапал – құнды тарихи жәді­гер­лер көп сақталған жер. Сон­дықтан бұл мекенде болашақ­та туризмді дамытуға, оны төл тарихымызды танытатын елді мекендердің біріне айналдыруға күш салуымыз қажет», деді Бақыт­жан Жұмағұлов.

Депутаттар Ғали Орманов атындағы мектеп оқушылардың жаз­ғы лагеріне барды. Онда Бақыт­­жан Жұмағұлов білім саласына қатысты қабылданған заңдар ту­ралы, мемлекет тарапынан ұстаз­дар мен оқушыларға жасалып жатқан жағдайлар туралы айтты.

Сапар барысында сенаторлар халықпен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдады. Аталған кездесуде Қапал ауылындағы жер қатынастарын реттеу, жайы­лым­мен қамтамасыз ету, вете­ринар­лық пункт ашу, ауылды абат­тан­дыру және жолдарды жөн­деу мәселелері көтерілді. Бұл мәсе­лелердің барлығы сенаторлар­лардың бақылауына алынды.

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» пар­тиясының мүшесі Айгүл Жұ­мабаева Қарағанды облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттарымен бірге қаладағы және елді мекендердегі құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлады төменгі Палатаның баспасөз қызметі.

Сапар барысында құрылыс­шылар депутаттарға құрылыс материалдарының күрт қымбат­тауы­на байланысты проблема­ларды айтып, шығынға ұшыра­ған­дары жайлы баяндады. Кәсіп­кер­лердің айтуынша, олар үлкен шығынға ұшыраса да, жұмыс істеуге мәжбүр.

Атап айтқанда, Саран қаласын­да «Аспап» өндірістік кооперативі спорт залының құрылысын аяқ­тай алмай отыр. Сонымен қатар ақжолдық депутаттар Саран және Абай қалаларындағы құры­лы­сы аяқталмаған тұрғын үй кешен­деріне де барды. Олардағы жағдай да құрылыс заттарының күрт өсуімен байланысты.

Іссапар барысында депутаттар Шахтинск қаласындағы автовокзалды қайта жөндеу жұмыс­тарымен танысты.

Кездесу қорытындысында депутаттар туындап отырған проб­лемаларды шешуге күш салатындарын айтты.

Айта кету керек, бұған дейін Мәжіліс депутаттары өздерінің депутаттық сауалдары арқылы Үкіметке құрылыс материалдары нарығында тәртіп орнатуды сұраған болатын.