Тарих • 11 Тамыз, 2021

Көне бұйым – көзайым

593 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Испандықтар әркім жәрмеңкені өзінің тапқан затына қарап бағалайды деседі. Жөн сөз! Біздің тарих базарынан тапқан қазынамыз санаулы болса да, салмағы ауыр. Сондықтан көсіле сөйлеуге болады. Ақын Қадыр Мырза Әлі айтпақшы: «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақтағы». Сол парағы жұқа оқулықта бабалар аманатын арқалаған құндылық бар. Жерден табылған ескі бұйымның естелігі – ел руханиятының азығы. Мәселен, ғұрыптық шамдалды алып қараңызшы!

Көне бұйым – көзайым

Ғұрыптық шамдал ж.с.д. І мыңжылдыққа жатады. 1979 жылы Алматының оң­түстік өңіріндегі Кіші Ал­маты өзенінің сол жаға­ла­уындағы «ашық аспан ас­тындағы ғибадатханадан» табылған.

Дөңгелек табақша өр­нектелген конус тәрізді тұ­ғырдан тұрады. Оның бас­ты мағынасы – табақ ретінде қызмет атқаруында. Оның шетінде зебулердің мүсіндік фигуралары орналасқан. Мұн­да сиырлардың (бұқа­лар­дың) тұмсығы сәл сыртқа бұ­­рылып, төмен және сол жақ­қа қаратылған.

Салт аттылардың екі мү­сіні ыдыстың беткі бөлі­гін­де орналасқан және тек бі­реуі ғана сақталған. Олар бір-біріне қарама-қарсы жақ­та кері бұрылып тұр. Салт ат­тылардың қолында М тә­різді керілген садақтар бар. Жалпы алғанда, барлық ком­по­зиция мәнді мәнерге то­лы, сонымен қатар жа­йыл­ған жануарлардың қатып қа­лған бейнесі арқылы ыж­да­ғат­тылықпен күту сәтін көрсетеді.

Бұл сахна нені меңзейді? Әлбетте, әлемнің барлық жа­ғын қорғайтын салт атты (дұрысы, қос салт атты) – әлем­дік таудың шыңы болған Митра Күн құдайының бей­несі. Митра – ең кең мүм­кін­діктерге ие, бұл жағдайда жайылымдардың иесі, жердің жоғарғы қорғаушысы, ғарыш тәртібін қорғаушы рөлінде бола алады.

Алайда сюжет басқа да түсініктер беруі мүмкін. Шам­­да Митра құдайы бейнеленген. Ол жындармен най­зағайдың көмегімен шай­қасып, жебемен қара бұлт­тарды жарып, жындармен және қараңғылықпен өші­рілген өмір шамшырағын жағуда. Сондай-ақ аспан сәу­­лесіне жерге нәр беретін жаң­­­бырлы бұлттарды бей­не­лейтін сиыр табынын өріс­ке шығаруда. Осылайша қыс пен түнек кері шегініп, көктем келеді. Ал жарық сиыр­лардың бейнесінде көр­се­тілген. Ұлттық музей­де ор­наласқан ұлттық бұйымның сырт­қы сипаты мен ішкі астары осындай.