Президент • 12 Тамыз, 2021

Президент Кореяға барады

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-17 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп жазады Egemen.kz Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарламасына сілтеме жасап. 

Президент Кореяға барады

Сапар аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, жоғары деңгейде келіссөздер өтіп, мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың перспективаларын қарастырмақ. Кездесу қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, үкіметаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.

Қазақстан Президенті Сеулге сапары аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарт жасалмақ.