21 Қаңтар, 2014

Ердос – біздің ту ұстаушы

489 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

01-АхмадиевАлдағы ақпан айында Ресейдің Сочи қаласында өтетін XII Қысқы Олимпия­­­лық ойындарда Қазақ­­­стан құрамасының ту ұстаушысы болып шаң­ғышы Ердос Ахмадиев бекітілді. Осыған орай біз оған бірнеше сұрақ қойған едік.

 

 

01-АхмадиевАлдағы ақпан айында Ресейдің Сочи қаласында өтетін XII Қысқы Олимпия­­­лық ойындарда Қазақ­­­стан құрамасының ту ұстаушысы болып шаң­ғышы Ердос Ахмадиев бекітілді. Осыған орай біз оған бірнеше сұрақ қойған едік.

– Ердос, өзіңнің Сочиде Қа­­зақстан құрамасының ту ұстау­­­шысы болып шығаты­ның­ды бірінші рет қашан және кімнен естідің?

– Мұны маған бас жаттық­ты­рушымыз жеткізді. Ол менің Олим­пиадада ту алып жүруім мүмкін екенін айтты. Менен басқа да бірнеше үміткер болыпты. Бірақ біздің басшылық мұны маған сеніп тапсырды.

– Бірінші естіген сәтте қандай көңіл-күйде болдың?

– Әрине, бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды. Дегенмен, қатты қуандым. Мұндай құрмет жұрттың бәріне бірдей беріле бермейді ғой. Және берілгенде де ғұмырында бір-ақ рет кездеседі.

– Саған мұндай мәртебе алған спортшыға керекті өлшемдер айтылды ма?

– Жоқ, айтылған жоқ. Мен оның критерийін қазір де білмеймін.

– Өзіңнің Сочидегі мүмкін­ді­гіңді қалай бағалайсың?

– Олимпиадада әлемнің ең мықты атлеттерінің жарыс жолына шығатыны ешкімге құпия емес. Демек, мен де өз шамамды білемін. Егер алғашқы ондыққа кірсем, мақ­­­­сатымның орындалғаны. Және оған мүмкіндігім де бар деп есептеймін.

– Ал қалған шаңғышыларымыз арасында медаль ала алатындар бар ма?

– Бар. Біздің жігіттер көптеген халықаралық жарыстарда өздерін жақсы танытып келеді, олардың Әлем кубогы жолындағы сайыстары да табыссыз емес. Оның бірнеше кезеңінде өте жақсы көрсеткіштерге жеткендер бар. Олар енді Олимпиада медалі үшін де барын салады деп ойлаймын.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.