Қазақстан • 23 Тамыз, 2021

ІІ Елизаветаның сіңлісі Аралқұмды жаяу кесіп өтпек

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рози Стэнсер - әйгілі британдық поляр зерттеушісі және Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның сіңлісі Аралқұмға экспедицияға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІ Елизаветаның сіңлісі Аралқұмды жаяу кесіп өтпек

«Рози Стэнсер -  британдық әйгілі поляр зерттеушісі. 2004 жылы Стэнсер шаңғымен 1100 шақырым Оңтүстік полюске қор жинамай жалғыз аттанған. Ол бұл экспедицияға өзінен екі есе үлкен салмақты шананы сүйреді. Қазір Рози Қазақстанда, Арал теңізінің құрғауы аясында қалыптасқан ең жас шөл Аралқұмға экспедиция жасауда», делінген хабарламада.

Рози мен оның полярлық зерттеуші досы Пом, 600 км-ден астам жаяу жүріп, аймақты, сондай-ақ Көкарал бөгетінің оң әсерін зерттейтіні хабарланған.

Арал қиылысы бойынша экспедиция туралы толығырақ мына сайттан білуге болады.