Теннис • 27 Тамыз, 2021

Михаил Кукушкин US Open турнирі іріктеу сайысының финалына  шықты

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық, әлемнің 129-ракеткасы Михаил Кукушкин US Open турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Михаил Кукушкин US Open турнирі іріктеу сайысының финалына  шықты

Іріктеу сайыстарының 13-ракеткасы болып тіркелген М.Кукушкин жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 168-сатыда тұрған тайбэйлік Джейсон Джангпен шеберлік байқасады.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен екі сетте ұтты. 1 сағат 26 минутқа созылған матч барысында М.Кукушкин 2 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Тайбэйлік спортшы 1 эйспен ғана шектелді.

М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 150-ракеткасы, франциялық Антуан Оанмен күш сынасады. Оны жеңсе, негізгі турнирге жолдама алады. Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик 30 тамызда басталатын негізгі жарыста өнер көрсетеді.

Оның қарсыласы – рейтингте 134-сатыдағы германиялық Янник Ханфманн.