Қоғам • 01 Қыркүйек, 2021

Жемқорлыққа тосқауыл мәселесіне айрықша мән беру керек – Президент

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді жұмысты жалғастыру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жемқорлыққа тосқауыл мәселесіне айрықша мән беру керек – Президент

«Сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді жұмысты жалғастыру керек. Жауапты агенттік жыл соңына дейін орта мерзімді кезеңге біздің іс-қимылымыз бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге енгізуі тиіс», деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою мәселесіне айрықша мән беру керек екенін тапсырды. «Азаматтар құқықтарын қорғай отырып, адвокаттар құқықтарын да ұмыптпау керек. Олардың қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет, сондай-ақ адвокаттар жұмысына кедергі келтіретін заңсыз іс-қимылдарға жол берілмеуі тиіс», деді Қ.Тоқаев.

 

 

Соңғы жаңалықтар