Президент • 08 Қыркүйек, 2021

Жайылым – халықтың ең жанды жері

191 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы елдің азаматы, депутат ретінде Жолдауда айтылған үш мәселеге ерекше тоқталғым келеді. Біріншісі – мемлекеттік тілге байланысты. Қазіргі қазақ тілінің қоғамдағы ахуалы баршаға белгілі.

Жайылым – халықтың ең жанды жері

Ел Президенті де қазақ тілін да­мыту мемлекеттік сая­сат­тың басым бағытының бірі болып қала беретінін айтты. Сон­дықтан да бүкіл Үкімет мүше­лері, барлық мемлекеттік орган­дар осы бағытқа қарай бет бұ­руы қажет. Себебі расымен де қазақ тілі қазіргі таңда білім мен ғы­лымның, мәдениет пен іс жүр­гізудің тіліне айналып келеді.

Екінші мәселе – ауылшаруа­шылық саласындағы жайы­лым­дыққа қатысты. Күні кеше елден келдік. Жазда ел-елді, ауыл-аймақтарды аралаған­да, халық­пен кездескенде осы мәсе­леге қатысты көптеген сұ­рақ қойылды. Белгілі бір адамдардың мыңдаған гектар жерлерді иемденіп алғанын халық ашынып айтып отыр. Осы жайтқа ерекше көңіл бөлген Мемлекет басшысы Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Мә­селені түбегейлі шешетін батыл шаралар қабылдауды мін­деттеді. Ең бастысы – жайы­лым­дық жерлерді иеленіп отыр­ған қожайындардың құқық­тық мәртебесін айқын­дап беретін «Жеке қосалқы шаруа­шылық­тар туралы» бөлек заң қабыл­дау қажеттігі айтылды. Алды­мыз – күз. Жайлаудағы мал ауылға түскенде жайы­лым­дық мәселесі тағы ушығайын деп тұр. Ауылда жемшөп аз. Сондықтан ауыл халқына орман шаруашылығы жерлерін пайдалануға беру керек деп ойлаймын. Бұл жерлер жеке шаруалардың, қара­пайым ха­лық­тың игілігіне берілуі керек.

Үшінші мәселе – Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең төменгі жалақы мөлшерін көбейтуге қатысты тапсырмасы. Елімізде ең төменгі жалақы мөл­шері 2018 жылдан бері өскен жоқ. Біздегі ең төменгі жалақы деңгейі ТМД-ның бірқатар елінен артта қалып қойған. Осыған орай Президент келер жылдан бастап ең төменгі жал­ақыны 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қа­был­дады. Шындап келгенде, бұл – ел-жұрттың ең көп көтеретін өзекті сұрағы болатын. Әлеуметтік саладағы қыз­­мет­керлердің еңбекақысын көтеру – бүкіл халық шешімін күтіп отырған мәселенің бірі.

 

Жанарбек ӘШІМЖАНОВ,

Мәжіліс депутаты