28 Қаңтар, 2014

Қазақстан – Ресей: Cтратегиялық серіктестік серпіні жоғары

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко бастаған қазақстандық мәжілісмендер Мәскеуде өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен РФ Мемлекеттік Дума Федералдық Жиналысы арасындағы ынтымақтастық бойынша палатааралық комиссияның тоғызыншы отырысына қатысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

 

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко бастаған қазақстандық мәжілісмендер Мәскеуде өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен РФ Мемлекеттік Дума Федералдық Жиналысы арасындағы ынтымақтастық бойынша палатааралық комиссияның тоғызыншы отырысына қатысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Отырыс қазақстандық тараптан Мәжілістің вице-спикері, Комиссияның теңтөрағасы Сергей Дьяченко мен ресейлік тараптан РФ Мемлекеттік Дума Федералдық Жиналысы төрағасының орынбасары, Комиссияның теңтөрайымы Людмила Швецованың төрағалы­ғымен өтті.

Кездесу шеңберінде қазақстан­дық және ресейлік парламентшілер екіжақты ынтымақтастықтың өзара пайдасына қатысты мәселелерді кең ауқымда талқылап, сонымен бірге, оларды заңнамалық жолмен қамтамасыз етуді қарастырды.

Парламентшілер, әсіресе, екі ел басшыларының өткен жылдың қараша айында Ека­терин­бургте Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының аймақ­тық мерекелік 10-форумы шеңберінде қол қойылған Қа­зақстан мен Ресей арасындағы ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен ынтымақтастық туралы шартты жүзеге асырудың келешегіне ай­рықша назар аударды.

Бірлескен талқылауға қазіргі замандағы қауіп пен қатер (анаша тасымалы, лаңкестік, адам саудасы), агроөндірістік кешен саласын өркендету, білім, ғылым, жаңа технологиялар, инновациялық өндіріс, сауда, экономика мен өндіріс, экология және қоршаған ортаны қорғау, мәдени-гуманитарлық сала, сондай-ақ, шекара маңы мен аймақаралық ынтымақтастық мәселелері тақырып болды.

Тараптар Комиссияның келесі отырысының күн тәртібін талқылайтын жұмысшы тобын құруға келісті.

Комиссияның оныншы – мерекелік отырысын келер жылдың басында Астанада өткізу жоспарланып отыр.