Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2021

Еуразия медиафорумы халықаралық платформаға айналды – Қырымбек Көшербаев

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев XVII Еуразиялық медиа форумның ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Еуразия медиафорумы халықаралық платформаға айналды – Қырымбек Көшербаев

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде дәстүрлі форумда көптеген өзекті мәселелер талқыланатынын атап өтті.

«Өткен кезеңде біз ауқымды оқиғалардың куәсі болдық. Әлем өзгерді. Пандемия, жаһандық экономикалық құлдырау, мемлекеттер арасындағы сенімсіздік, әлемнің жетекші державалары арасындағы технологиялық соғыс, этикалық нормалардың өзгеруі және тағы басқалары адамдарды біріктіріп қана қоймай, алуан түрлі көзқарастарға да бөлді. Түрлі пікірлерді талқылап, консенсус іздейтін халықаралық платформаға айналған Еуразиялық медиафорумның миссиясы да осынысымен маңызды. Біз жаңа елорда – Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай құрметті әріптестер мен достарды қарсы алудамыз», деді Қырымбек Көшербаев Еуразиялық медиафорумның ашылуы кезінде.

Мемлекеттік хатшы форумның табысты жұмысына елдегі көшбасшылар ерекше мән беретінін атап өтті және форум қатысушыларына табыс пен сындарлы диалог тіледі.