Руханият • 16 Қыркүйек, 2021

Тіл жанашырлары – тұғырда

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тіл жанашыры» облыстық байқауының қорытындысы жарияланды. Арнайы құрылған комиссия конкурсқа келіп түскен 38 өтінімнің ішінен сегіз лауреаттың есімін атады.

Тіл жанашырлары –  тұғырда

Биыл 10-рет ұйымдастырылған бұл байқауда түрлі сала және этно­мә­де­ни орталықтардың өкілдері бақ сынады. Ал іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асы­ру­ға бағытталған еді.

Конкурстың «Тіл майталманы» атты бас номинациясында танымал тарихшы-өлкетанушы, «Қарағанды облысының топономикалық картасы» зерттеу жобасының ғылыми жетекшісі Темірғали Аршабековтің айы оңынан туды.

Сонымен қатар аталған байқаудың «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қыз­метте» аталымында Қарағанды об­лыс­тық Полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров, «Тіл жаршысы» номинациясы бойынша Ortalyq Qazaqstan облыстық газетінің тілшісі Жәлел Шалқаров, «Үздік телехабар» аталымында Saryarqa телеарнасының қызметкері Мақсат Бейсенаев үздік шықты. Теміртау қаласындағы «Окжетпес-Т» ЖШС қызметкері Екатерина Пономаренко «Тіл білгірі» атанса, Саран қалалық тілдерді дамыту орталығының оқытушысы Әйгерім Түркенова «Жас полиглот» аталымында жеңімпаз атанды.

«Мемлекеттік тіл бизнесте» сынында «Arda Media Group» орталығының директоры Асхат Тілеуқұлов жүлдеге іліксе, Қарағанды техникалық уни­вер­ситетінің оқытушысы Қарлығаш Хамзинаның мерейі «Үздік оқы­­тушы» аталымында үстем болды. Же­ңім­паздар алғыс хаттармен және ақ­ша­лай сыйлықпен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар