31 Қаңтар, 2014

Заңсыз тексерістер тежеледі

197 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қаржы полициясы агенттігі мен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Елбасы «Қазақстан жолы –­ 2050:­ бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында еліміздің XXI ғасырдағы индустриялы және әлеуметтік жаңаруының бас құралы болып табылатын шағын және орта бизнестің дамуына ерекше назар аударды.

Қаржы полициясы агент­ті­гі кәсіпкерлерді заңсыз тексе­ріс­терден құқықтарын қорғау бойынша кешенді және жүйелі шаралар қабылдауда.

DSC 0376-1

 

Қаржы полициясы агенттігі мен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

DSC 0376-1

Елбасы «Қазақстан жолы –­ 2050:­ бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында еліміздің XXI ғасырдағы индустриялы және әлеуметтік жаңаруының бас құралы болып табылатын шағын және орта бизнестің дамуына ерекше назар аударды.

Қаржы полициясы агент­ті­гі кәсіпкерлерді заңсыз тексе­ріс­терден құқықтарын қорғау бойынша кешенді және жүйелі шаралар қабылдауда.

Кеше Қаржы полиция­сы­ агенттігінің төрағасы Ра­шид­ Түсіпбеков және Кәсіп­кер­лер­дің ұлттық палатасы төралқасының төрағасы Тимур Қ­ұлыбаев Кәсіпкерлердің құ­қық­тарын қорғау мәселелері жө­нін­дегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум бірлескен іс-ша­раларды іске асыруды, бизнестің дамуына кедергі болатын жүйелі мәселелер мен кедергілерді анық­тауды, кәсіпкерлік субъектілердің қызметін заңсыз тексерулерге жол бермеуді көздейді.

Бұл мақсатта қаржы полициясы мен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы жұмыс кездесулерін өткізіп, бірлескен бағдарламалар әзірлеп, кеңес органдары мен жұмыс топтарын құратын болады.

Меморандум шеңберіндегі тиімді ынтымақтастық мақсатында агенттік төрағасының орынбасары А.Боданов пен Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының басқарма төрағасы А.Мырзахметов меморандумды жүзеге асыру жоспарына қол қойды.

«Агенттік 2012 жылдан бас­тап кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оңтайландыру және бизнеске қысымды бәсеңдету бойынша жүйелі шаралар қабылдауда», деп атап өтті Р.Түсіпбеков.

Домалақ арыздар бойынша тексерулер жүргізу фактілері жойылды, кәсіпкерлерден жауап алу үшін шақыру және құжаттарды алу алдын ала тексерістен кейін ғана іске асырылады, азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға араласуға, кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға, жалпы қылмыстар бойынша және қылмыстық жауапкершілік басталатын табалдырық шектерінен аспаған жағдайларда тексерістер жүргізуге тыйым салынған.

Ахуалдық орталықты құру арқа­сын­да қаржы полициясы бизнесті жаппай тексеруден бас тартып, өз жұмысын тек қана экономиканың көлеңкелі секторындағы заңсыз іс-қимылдарды және бюджет қаражаттарын ұрлау факті­ле­рін анықтауға бағыттады. Ахуал­дық орталық мемлекеттік ор­ган­дардың мәлімет базалары­ мен­ ашық ақпарат көздерін пай­далану арқылы кәсіпкерлік субъек­тілерінің қызметіне аралас­пай, көлеңкелі және сыбайлас жемқорлық схемалардың алдын алуға және анықтауға мүмкіндік береді.

«Осылайша біз сырттай және кабинеттен шықпай, қылмыстық қызметтің сипаты бар-жоқтығы туралы қорытынды жасауға қажетті ақпарат көлемін жинауға, содан соң осының негізінде тексеруді бастауға шешім қабылдай аламыз», деп түйді сөзін Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы.

Жалпы, соңғы 2 жылда қабыл­данған шаралар қаржы поли­ция­сының бастамасымен уәкілетті органдар жүргізген кәсіпкерлерді тексерулер санын 5 есеге азай­ту­ға мүмкіндік берді. 2011 жылы 1715 тексеріс жүргізілсе, 2012 жылы – 1009, 2013 жылы тек­серіс­тердің саны 340-қа дейін азайтылды. Сонымен бірге, 2013 жылы қаржы полициясы басқа мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының шағын және орта бизнеске араласуының 214 фактісін анықтады.

Р.Түсіпбеков Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының жанында көлеңкелі экономиканың кө­лемін төмендету шаралары жа­салып, талқыланатын билік пен бизнес қауымдастығының қа­тысуымен кеңесу органы – Көлең­ке­лі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес құруды ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы «Агенттік Кәсіпкерлердің ұлттық палатасын адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріндегі кемел серіктес ретінде санайды», деді.

Сонымен қатар, ол қол қойыл­ған меморандум мен Іс-шара­лар жоспарын іске асыру кәсіп­керлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімділігін арттыратынына сенім білдірді.

Р.Түсіпбеков аумақтық қаржы полициясы бөлімшелерінің бар­лық бастықтарына аумақ­тық кәсіпкерлер палаталары­мен ынтымақтастықты ұйымд­асты­ру­ды тапсырды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар