Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021

БҰҰ Алматыда Ауғанстанға көмек көрсететін хаб құруды мақұлдады – СІМ

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан билігі Алматыда Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету хабын ашу бастамасын көтерген болатын. БҰҰ бұл идеяны мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ Алматыда Ауғанстанға көмек көрсететін хаб құруды мақұлдады – СІМ

Бұған дейін Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов хаб құруды ұсынған болатын. Ол жерде Ауғанстанға көрсетілетін халықаралық гуманитарлық көмек сақталып, үлестірілетін болады. 

«Қазақстан бастамасы БҰҰ ресми өкілдерінің алдын ала оң бағасын алды. Бүге-шігесі барлық тараппен келісілгеннен кейін жан-жақты талқыланатын болады», делінген Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің РИА Новости сұрауына жауабында.

Ведомство бұл идея Ауғанстанда гуманитарлық апаттың алдын алу бойынша әлем қауымдастығына қолдау көрсетуге бағытталғанын хабарлады.

«Бұл хаб Ауғанстан экономикасы құлдырауының, босқындар легі артуының және өзге гуманитарлық салдардың алдын алуға сеп болар еді. Ауғанстанға көмек үлестіретін халықаралық орталыққа айнала алады», деді министрлікте.

Министрлік көлік логистикасы тұсынан да Алматы ыңғайлы орналасқанын атап өтті (ұшақпен Кабулға дейін 3 сағаттан аз). Бұған қоса, транзиттік хаб ұйымдастыруға қажетті инфрақұрылым бар.