Үкімет • 23 Қыркүйек, 2021

Бұл – «тілсіз жау» тағы бас көтеретін кез

212 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Еліміздегі өрт қауіпсіздігі. Қазіргі ахуал» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Бұл – «тілсіз жау» тағы бас көтеретін кез

Жиынға қатысқан Төтенше жағ­дай­лар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті басқармасының бас­тығы Ерлан Төрегелдиев құтқару бөлім­шелері күн сайын орта есеппен әртүрлі сипаттағы ТЖ жоюға 100-150 рет шығатынын атап өтті. 

«Биыл 8 айда 7 мыңнан астам өрт болды. Өрт кезінде 1 мыңнан астам адам құтқарылды. 217 адам жарақат алып, 251 адам қайтыс болды.  Жалпы, өрт санының 7,8%-ға азайғаны  байқалады: тұрғын үй секторында 12,6% (2020 – 5 000, 2021 – 4 371), бақыланатын объектілерде 1,5%-ға  (2020 – 639, 2021 – 629) азайған.

Сонымен қатар орман өрті 11,9%-ға өскенін (2020 – 621, 2021 – 695) және дала өртінің 19,3%-ға азайғанын (2020 – 119, 2021 – 96) айтып өткен жөн. Заңнамаға сәйкес орман қорын қорғау Экология министрлігінің Орман шаруашылығы комитетіне жүктелген, ал дала – жергілікті атқарушы орган­дардың жауапкершілік аймағы», деді ведомство өкілі.

Табиғи өрттердің туындау қауіп-қатерін болдырмау және азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар алдын алудың кешенді шараларын жүргізеді.

«ТЖМ қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бұл – өрт қаупі жоғары кезеңге дайындықты тексеру. Өткен кезеңде 14 мыңға жуық бірлескен рейд жүргізілді. Рұқсат етілмеген өртеу, ауыл шаруашылығы ал­қаптарында құрғақ шөптің бақы­лаусыз жануы, орылған шөпті жағу және басқа да өрт қауіпсіздігі ере­желерін бұзғаны үшін 3 125 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық жұмыс өрт қауіпті кезең аяқталғанға дейін жалғасатын болады», деді ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің өкілі Тілеуберді Мәдиев.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, елде шаруа­шылық жүргізу объектілерінде ірі және күрделі өрт болып тұрады. Биыл 9 қыркүйекте Алматы облысының Есік қаласындағы «Тұрар» базарының аумағында 512 шаршы метр аумақта саудаға бейімделген контейнерлер жанған. Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ. Келтірілген залал анықталуда. Өрттің алдын алу себебі – контейнер ішіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Жалпы, өрттердің негізгі үлесі тұрғын үй секторына тиесілі, бұл 58%-ды құрайды, сондай-ақ көліктегі өрт үлесі – 18%.

Күздің суық күндерінің басталуына байланысты ТЖМ тұрғындарға пеш жабдықтарын жылыту маусымына дайындауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржалары және басқа элемент­тері тікелей жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде үш айда бір рет жылыту пештері үшін, екі айда бір рет үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін күйеден тазартылуға тиіс.

От жағылған пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадаға­лауды балаларға тапсыруға, жағу үшін дайындалған отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдында параққа орналастыруға, қатты отынмен жанатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға, желдету және газ каналдарын мұржалар ретінде пайдалануға тыйым салынады.