Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2021

Екпе алғандарға – екі Chevrolet

151 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өңірдегі коронавирус инфекциясымен күрес, вакциналау жағдайы туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров хабарлады.

Екпе алғандарға –  екі Chevrolet

Пандемия басталғалы Ақтө­бе облысы тұр­ғындарының 32 130-ы ко­ронавируспен, 3 447-і пневмония­мен ауырса, 29 605 науқас жазылып шықты. Өкі­ніш­тісі, жұқпалы індеттің салда­ры­нан пандемия басталғалы 529 адам қайтыс болды. Соңғы он­күн­дікте аурушаңдық деңгейі бір­­тіндеп төмендеп, Ақтөбе об­­лысы «сары аймаққа» енді. Жаз айында инфекция қайта өрші­генде инфекциялық ауру­ха­налар мен провизорлық ор­та­лықтарда дайындалған 3 603 инфекциялық кереуеттің осы кезге дейін 1 880-ні пайдаланылды. Айта кетерлігі, тамыз айымен салыстырғанда қыр­күйектің екінші жартысында провизорлық орталық­тар­­да­ғы инфекциялық кереует жүктелімі 35,4 пайызға азай­ды делінсе де, инфекция жұқ­тыр­ғандар саны күнделікті жүз­деп тіркеліп жатыр. Бүгінде қа­ла­да­ғы инфекциялық ауруханада 658 науқас, ал реанимация бө­лім­шесінде 84 науқас ем алып жатса, өкпені жасанды желдету аппаратына 15 науқас қосылған. Бұл індет жүкті әйелдерді де айналып өткен жоқ. Қазір Ақтөбе медицина орталығында КВИ-ге шалдыққан 51 жүкті әйел ем қабылдаса, 9 жүкті келіншек жан­сақтау бөлімшесінде жатыр.

Биылғы оқу жылы бастал­ға­лы өңірде 489 мектеп оқу­шы­сы, 53 мектеп мұғалімі коро­навирусқа шал­­дыққан 123 мектеп анық­тал­­ды. Қыркүйектен бері індет жұқтырған оқушылар мен мұғалімдердің көпшілігі қала мектептерінен. Қазіргі уа­қыт­та 123 мектептің 473 сыныбы оқшаулану жағдайына көшірілді. Соған қарамастан, оқу жылы басталғалы өңірде бірде-бір мектеп карантинге жабылған жоқ. Қазір барлық мектепте санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Ақтөбе облысында пандемиямен күреске өткен жылы бө­лінген 4,5 млрд теңгеге 40 өкпені жасанды желдету мен 64 рентген, 14 жасанды қан ай­налдыру жабдықтары мен 8 жылжымалы медициналық кешен, 41 реанимобиль көлігі сатып алынған. Бүгінде 4 500 медицина қызметкері ко­ро­навирус инфекциясына шал­дық­қан науқастарды емдеуге жұмылдырылған. 26 қыр­кү­йек­тен бастап Ақтөбе облысы коронавирус инфек­ция­сының таралу аймағы бойынша «сары аймаққа» өтуінен ка­рантин та­лап­­та­ры жеңілдей бастады. Алайда күзде жағ­дай­дың қалай өзгеретіні бел­гі­сіз болғандықтан медицина қыз­меткерлері сақ­тықты ұмыт­қан жоқ. Бүгінде өңірдегі бар­лық медициналық мекеме­лер­де екі апталық дәрі-дәр­мек қоры жасақталып, жеке қорғаныш құралдары жет­кі­лікті әзірленді. Бүгінде 4500 медицина қызметкері коро­на­вирус инфекциясына шал­дық­қан науқастарды емдеуге жұмылдырылды. Сон­дай-ақ облыста ПТР-тест жүр­гі­зе­тін 12 лабораторияда күнбе-күн 7 967 сы­нама алынады.

Осы жылдың 1 ақпанынан бас­тап өңірге коронавирусқа қар­сы 698 мың доза екпе әке­лін­ді. Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының 24 қыр­кү­йектегі мәліметі бойынша, екпенің 1-компонентімен 311 мың адам (өңір тұрғындарының 59,6 %-ы) егілсе, 2-компонентпен 267 мың тұрғын егілді (51,8 %-ы). Тұрғындарды жаппай вакциналау қарқынын күшейту мақсатында 26 маусым мен 26 қыркүйек аралығында «Екпе ал да, автокөлік ұтып ал!» ұтыс ойыны өтіп жатыр. Оған демеу­ші­лер­дің көмегімен екі Chevrolet Cobalt автокөлігі, 96 бағалы сыйлық ұтысқа тігілді. Екі апта сайын Aqtobe телеарна­сында өт­кі­зілетін тікелей эфирдегі ұтыс ойынында бір көлікті Қар­ғ­­а­лы ауданы Қосестек ауы­лы­ның тұрғыны, бес баланың әкесі ұтып алды.

Ақтөбе облысының 4 мың кәсіпкері Ashyq жобасына қатысуға өтінім берді. Алайда осы жоба енгізілгелі инфекция жұқ­тырса да, оқшаулану талаптарын сақтамаған ақтөбеліктер қатары азаяр емес. Санитарлық-эпидемиялық қызмет мамандары қоғамдық орындарда емін-еркін жүрген 238 «сары» мәр­те­бесі бар және «қызыл» мәр­тебесі бар 314 адамды анық­тап, 77 тұл­ғаға ӘПК 415-бабының 1-бөлігімен 3-4 млн теңге әкім­ші­лік айып­пұл са­­лын­ды. Айта кету керек, пан­демия басталғалы мони­торингтік топтар облыс аума­ғын­да 7 357 рейд жүргізіп, 4 262 нысанды тексеріп, сани­тар­лық-эпидемиялық талап­тар­ды қатаң бұзғандарға 871 айыппұл салды.

 

Ақтөбе облысы

 

Соңғы жаңалықтар