Коронавирус • 08 Қазан, 2021

Коронавирустан емделіп жатқан 717 науқастың жағдайы ауыр – ДСМ

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 8 қазандағы ақпарат мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирустан емделіп жатқан 717 науқастың жағдайы ауыр – ДСМ

8 қазандағы мәлімет бойынша 54 850 адам коронавирус инфекциясынан (47 407 КВИ+ және 7 443 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 9 469 пациент - стационарда, 45 381 науқас - амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 717 адамның жағдайы ауыр

- 207 пациенттің жағдайы өте ауыр

- 136 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.