Әлем • 21 Қазан, 2021

Пандемия 2022 жылы да жалғасуы мүмкін – ДДСҰ

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия 2022 жылы да жалғасуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пандемия 2022 жылы да жалғасуы мүмкін – ДДСҰ

ДДСҰ бас директорының аға кеңесшісі Брюс Эйлвард коронавирус пандемиясы 2022 жылы жалғасуы мүмкін екенін айтты, өйткені әлемдегі кедей елдерге вакцина жетпей жатыр. ДДСҰ өкілі дамыған елдер ең кедей аймақтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін орындамайтынын айтты.

«Жеңе алмайтынымызды сенімді түрде айта аламын. Жеделдетуіміз керек, әйтпесе не болатынын білесіз бе? Пандемия аяқталуы керек уақыттан созылып кетеді», деп түсіндірді Эйлвард.

Сарапшының айтуынша, егер әлемнің көптеген елдерінде тұрғындардың 40 пайызға жуығы немесе одан да көбі вакцина алса, Африкада қазір халықтың 5 пайыздан азы ғана коронавирусқа қарсы екпе салдырған.

Сондықтан, ол бай елдерді фармацевтикалық компаниялар табысы төмен елдерге басымдық бере алатындай етіп вакцина кезегінен бас тартуға шақырды.