Әлем • 21 Қазан, 2021

Саакашвили Грузияға жүк көлігіне жасырынып келді – Прокуратура

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияның Бас прокуратурасы бұрынғы президент Михаил Саакашвили сүт өнімдері бар жүк көлігіне жасырынып елге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саакашвили Грузияға жүк көлігіне жасырынып келді – Прокуратура

Грузияның Ішкі істер министрлігі 28 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында «Вильнюс» кемесінің Поти портына кіргенін анықтады.

Ол Украинаның Чорноморск портынан келген. Ал ішінде Саакашвили жасырынған, әрі сүт өнімдері бар жүк көлігі осы кемеден 29 қыркүйекте шыққан. Тбилисиге келмес бұрын Саакашвили Аджария, Гурия және Самегрелодан өткен. 

Хабарламада экс-президентті 1 қазанда Тбилисиде Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ұстағаны айтылады.

Бас прокуратура сонымен қатар Саакашвилидің заңсыз жолмен Грузия аумағына енуіне көмектескен төрт адамның ұсталғанын хабарлады.

Бас прокуратура Саакашвили мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ресми түрде айыпталатынын айтты.