Экономика • 25 Қазан, 2021

Креативті экономика – қандай экономика?

1404 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

БҰҰ әлемнің көптеген елінің қолдауымен 2021 жылды «Халықаралық креативті экономика жылы» деп жариялағаны белгілі. Қолдау білдірген елдер мәлімдемесінде креативті индус­трия пандемиядан соң әлем экономикасын қалпына келтіруге мүмкіндік беретіні айтылған.

Креативті экономика – қандай экономика?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық креативті экономика жылы елі­мізде де креативті индустрия құру­да талантты жастарға назар аударуды, жұмыспен қамту­ды, Үкі­метке стратегиялық тұр­­ғыдан маңызды саланы ке­шенді түрде дамыту жоспарын құруды тапсыр­ды. Яғни ғы­лым, мәдениет және заманауи шы­ғармашылық сала­лары бо­йын­ша Ұлттық білім хабы, «Та­лант­тар фабрикасы» сияқ­ты ор­­та­лықтар құрылып, елі­міз­дің барлық өңіріндегі дарын­ды жас­тар­дың кәсіби мамандар­дан білім алып, олардың шебер­лік сағаттарына қатысуға жол ашы­­лады делінді. Бірақ әзір­ше елі­­міздің заңнамалық құжат­тарынд­а креативті индустрияның нақты анық­­тамасы жоқ. Яғни өкі­лет­ті органдармен осы саланы да­­­мы­ту­дың нақты бағыт­тары бел­гі­лен­бе­ген соң, мемле­кеттік қолдау ша­ра­лары да қарастырыл­маған. Бі­лікті мамандар да аз. Өйткені креа­тивті индустрияның мақсаты – қар­жылық табыс қана емес, әлеу­меттік және азаматтық даму.

– Жалпы, «Креативті экономика» терминін алғаш рет ньюйорктік Businessweek журна­лы 2000 жылы қолданған. Сон­дық­тан креативті индуст­рия де­геніміз – экономиканы дамы­ту­дың басым бағыттарының бірі. Бү­кіл әлемде креативті индус­т­рия­ әлеуетті өнеркәсіптік сая­сат­тың бір бөлігіне айналды. Бұл ерек­ше салалар Ұлыбритания, Қы­тай, Жапония, Оңтүстік Ко­рея, Ре­сей және басқа да елдерде мем­­лекеттік қолдауға ие, – дей­ді эко­номист ғалым Әлия Әбішева.

Креативті индустрияның қара­пайым сипаттамасына келсек, шығармашылық қы­з­мет­тің әртүрлі салаларында жаңа­шыл инновациялық техноло­гия­лардың алатын орнымен ерек­ше. Мысалы, жерлесі­міз Иманбек Зәйкеновтің әлем­дік «Грэмми» музыкалық премия­сы­ның жеңімпазы атануы да креативті индустрияның музыка, өнер, жарнама, сәулет, кинематография, анимация, дизайн салаларындағы шығармашылық қызметпен тікелей байланысты еке­­нін көрсетті. Бұл Иманбек сияқ­­ты ойлау қабілеті ұшқыр, кре­а­­тивті, талантты және бірегей жас­­тарды біріктіретін болса, за­ма­­науи цифрлы құралдар ар­қы­лы өмірдің түрлі саласында ал­ды­мыздан жетістіктер күтері анық.

Ә.Әбішеваның айтуынша, эко­номикадағы «креативті эко­но­мика», «креативті индуст­рия», «білім экономикасы» сияқ­ты жаңа терминдер тікелей жас­тар­­дың зияткерлік білім дең­гейі­­мен байланысты. Креатив бі­лім­ділік хабына айналады да, на­рық­қа өз өнімдерін шығаруға мүм­кін­дігі бар креативті жастар келе бастайды. Әрине, креативті кәсіп­керлік бағытын, креативтік әлеуе­тті, креативті экономиканы да­мытуда мемлекеттің қол­дауы қажет. Бұл жастардың жап­­пай шетелге кету үрдісіне де тоқ­тау болар еді. Мысалы, АҚШ ел­шіл­ігі өңірдің креативті экономикасын дамытуға қолдау көр­сетпек. Еліміздегі АҚШ елші­лігі­нің мәдениет және білім беру мәселелері жөніндегі атта­шесі Эмбермен (Amber Aura) Пав­ло­дар облысы әкімдігіндегі кез­десу­­де өңірдің креативті эконо­ми­­касын дамытуға ерекше назар аудара отырып, өзекті және әлеует­ті ынтымақтастық мәселесі тал­қы­ланды. Жыл соңына дейін С.Торайғыров атындағы облыс­тық ғылыми кітапханада амери­калық ерекше жоба бөлімі ашы­ла­ды. Бұл – креативті өнертап­қыш жастардың идеялары мен ин­но­вациялық жобаларын жү­зеге асыру мүмкіндігі. Кітап­хана­да ашылған Maker Space шы­ғар­ма­шылық зертханасына кез келген оқушы мен студенттер өздерінің жобаларын жасау үшін келеді. Яғни Maker Space – идеяларды іске асыруға арналған шығармашылық шеберхана. Жобалар мен стартаптарды іске асыруда пікірлестерді қасыңнан табасың.

Орталықтың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов, АҚШ-тың еліміздегі елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Джуди Куо қатысты. Жаңа жоба аталған елшілік пен Chevron компаниясы ара­сын­дағы меморандум барысында жасалды.

– Бұл білімге, ғылымға құш­тар жастарды табуға мүмкін­дік береді. Жобаның мақсаты – өңір­де креативті экономиканы дамыту. Тегін жұмыс істейтін орта­лық креативті экономика­дағы жаңа бағыттың ашылуына жол ашады, жастарға жаңа технологиялармен жұмыс жасауға қолдау көрсетеді, – дейді С.Шаяхметов.

Елшілік өкілі Джуди Куоның айтуынша, елімізде осы іспетті 10 орталық ашылмақ, Павлодарда бесінші нысан ашылып отыр.

Облыстық кітапхана директоры Шолпан Шаяхметованың ай­туынша, студенттер робот құ­растыру, 3D модельдеу, ағаш және темір өңдеу жұмыстарымен ай­налыса алады. Кабинетте қа­жетті құралдар жеткілікті. Ал­дағы уақытта мектеп оқушы­лары мен колледж және жоғары оқу орны студенттеріне экскурсия ұйымдастырылады.

Жергілікті стартапшыларға ерекше мүмкіндік беретін Busi­ness Ertis Innovation аясында облыс­та ғылым-бизнес-мемлекет үде­рі­сін қалыптастыру бойынша жұ­­мыстар жалғасуда. Алдағы уа­­қыт­та облыс орталығында Ғы­­лы­ми-техникалық кеңес отыры­сы өткізіледі. Оған жергілікті жүйе құраушы кәсіпорындар мен ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысады. Кәсіпорындар тарапынан нақты техникалық тапсырмалар мен қаржыландыруды жергілікті жоғары оқу орындарына аудару мәселесі де анықталды. Жоғары оқу орындары, колледж­дер жобаға бизнес тұрғысы­нан қарап, экономикалық өзара тиімді әріптестік құра алады. Бұл облыс­тың стартапшылары үшін де жақсы мүмкіндік. Мысалы, Торай­ғыров университетінің коман­дасы республикалық Student Energy Challenge-2020 рес­пуб­ликалық байқауының жеңім­паз­дары атанды. Олар бай­қауға AirFlux инновациялық энер­гия үнемдейтін бактерицидті желдет­кішін ұсынды. Enactus ре­зи­дент­тері мен стартап ака­демия­сының менеджерлері Рус­там Қабден, Айжан Қалиас­қар, Гүлдана Теміршот стартап-жобаларын дамытуға 3 мың доллар ұтып алды. Олар енді бұл қаражатқа жаңа құралдар жинауға қажет шикізаттарды сатып алмақ. Университеттің екінші командасы – ENACTUS KAZAKHSTAN Online National Expo 2020 сту­денттік кәсіпкерлік, стартаптар мен инновациялардың ұлттық кубо­гының чемпионы атанды. Сту­денттер «Қаржылық сауат­­тылық пен стартаптарды дамы­туға ба­ғыт­талған оқушылар мен студенттерге арналған Jaryq атты білім беру» онлайн-платформасын жасап шыққан.

– Жобаларды бизнес-мо­дель­д­ерді қолдана отырып әзір­ле­дік. ENACTUS WORLD CUP 2021 әлемдік кубогына бес билет ұтып алдық. Біз енді Ұлт­тық чем­пион ретінде еліміздің намы­сын халықаралық дәреже­де қорғайтын боламыз, – дейді Enactus Toraighyrov командасы­ның капитаны Әділет Дәуітов.

Жуырда облыс әкімі Әбіл­қайыр Сқақов «Креативті индустрияны дамыту жөніндегі» рес­публикалық жобалық кеңсе­нің жетекшісі Данат Жумин және өңірдің шығармашыл жас­тарының қатысуымен өткен диалог­тік алаңға қатысты. Диа­лог­тік алаңда креативті индус­т­рияның әлеуеті жоғары екені, қазір оны дамыту тұжырым­дамасы дайындалып жатқаны, шығармашылық орталықтар ашу, креативті кәсіпкерлерді қолдау, тіпті Иманбек пен Скриптониттің жетістікке қалай жеткендері жайлы талқыланды. Өңір басшысы облыс орталығында бұрынғы темір­ жол колледжінің негізінде Technikum шығармашылық орталығы ашылатынын атап өтті.

– Бұл жерде спортпен айналы­сып, шығармашылық жәрмең­ке­лер мен шеберлік сыныптарын өткізіп, жаңашыл білім алуға бо­лады. Сондықтан шығар­ма­шылық өкілдері бас қосып, креа­тивті идеялар туындайтын кез­десу орнына айналады деп үміт­тенеміз. Орталықтың жобасы мем­лекеттік сараптамадан өтіп, келесі жылы оны жүзеге асыруға қажетті қаржы бөлінеді, – деді облыс әкімі.

Креативті индустрия дегені­міз – шығармашылық арқылы ұлттық экономиканы дамыту. Да­мы­ған мемлекеттерде креа­тив­ті индустрия ішкі жалпы өнім­нің 10 пайызын құрайды. Елі­мізде өндірілетін ішкі жалпы өнім 2,3 пайызға жеткен. Бұл салада тұрғындардың 3,6 пайызы еңбек етуде.

– Әрине, креативті индус­трия­ны дамыту үшін тиісті инф­ра­құрылым қажет. Мысалы, қала­лар мен аудандарда шығар­машыл жастардың өз өнімдерін шы­ғара­тын орындары аз екені бәрі­міз­ге белгілі. Орталықты құрудан бө­лек оны дұрыс басқару да басты мәселе, – дейді Данат Жумин.

Біз күнделікті жастарды жұ­мыс­пен қамту қажеттігін жиі ай­­тамыз. Жұмыссыз жастар­ға жол сілтеп, бағыт-бағдар бере­тін көше бойындағы жұмыс­қа ша­қырған жарнамалар да көп. Бі­рақ креативті үздік ой жетіс­пей­­тіндей. Екіншіден, жұмыс­пен қам­туға бағытталған түрлі қол­дау­лар болғанымен, жастар­дың кө­бі сол шаралар туралы біл­мей­­тіні өкінішті. Қазір жастар сая­­­сатына қатысты заңға қа­­жет­­­ті түзетулер енгізілуде. Тү­­зе­ту­­­лер бойынша жергілікті әкім­­діктердің қызметін бағалау көр­­­сет­кішіне «Жастардың даму ин­­­дексі» деген арнайы тіркес қо­сы­­­ла­ды. Егер Technikum сияқты шы­­­­ғар­­­­машылық орталықтар кө­бей­­­­се, түрлі кеңес алуға жұмыс­сыз жас­­тарға да мүмкіндік туар еді.

 

Павлодар облысы