Медицина • 26 Қазан, 2021

«Astana Zdorovie – 2021» халықаралық көрмесі өтеді

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-29 қазан күндері EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында «Astana Zdorovie – 2021» 17-ші қазақстандық халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Astana Zdorovie – 2021»  халықаралық көрмесі өтеді

Халықаралық көрме – республиканың солтүстік және орталық өңірлерінде медициналық, зертханалық жабдықтарды, шығыс материалдарын, дәрілік препараттарды, медициналық мақсаттағы тауарлар мен медициналық қызметтерді көрсетудің тиімді алаңы.

Биыл «Astana Zdorovie 2021» көрмесінің қатысушыларын мазмұнды іскерлік бағдарлама, кездесулер мен келіссөздер күтіп тұр. Пікірталастарға, семинарлар мен дөңгелек үстел отырыстарына министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, емдеу мекемелерінің басшылары, тәжірибелі дәрігерлер, ғалымдар мен технологтар қатысады.

Көрме аясында EXPO ХКО алаңында MedTech халықаралық форумы, «Коронавирус инфекциясын зертханалық диагностикалау» конференциясы, «Коронавирус инфекциясы пандемиясының сабақтары» семинары ұйымдастырылады.

Бұған қоса, 28-қазанда EXPO ХКО ғимаратында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» ЖШС ұйымдастырған GLOBAL PHARM I Халықаралық фармацевтикалық форумы өтеді.

«Astana Zdorovie – 2021» көрмесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілдігінің, «Қазақстанның ФармМед индустриясы» Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығының, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылатын болады.