Оқиға • 28 Қазан, 2021

Маңғыстауда жарылыстан 5 әскери қызметкер жарақат алды

730 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болғандығы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда жарылыстан 5 әскери қызметкер жарақат алды

Оқиға 27 қазан күні сағат күндізгі 11:00 шамасында болған. Болжам бойынша мекемеде гранаталар жарылып, салдарынан  бес сарбаз түрлі дене жарақатын алды.

Қорғаныс министрігінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады. Бірақ әзірге жарылыстың нақты себебі айтылмады.

«2021 жылғы 27 қазанда Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметші жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметшілердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда. Оқиға бойынша тексеру басталды», делінген хабарамада.