Бизнес • 12 Қаңтар, 2017

Уақытша тіркеу нормасы жалдамалы үй нарығына қалай әсер етеді?

7150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда ұзақ мерзімге жалға берілетін үйлердің 85-90 пайызы "көлеңкеде", деп жазады kn.kz сараптамалық қызметі. Осы орайда, уақытша тіркеу талабы жалдамалы баспана нарығына да өз әсерін тигізуі мүмкін.

Уақытша тіркеу нормасы жалдамалы үй нарығына қалай әсер етеді?

Сараптама қызметінің жүргізген сауалнамасы қорытындысы бойынша, үйді жалға берушілердің басым көпшілігі жалға алушылармен келісімшарт жасасуға дайын отыр. Дегенмен, кейде жалға алушылар келісімшарт құру мен тіркеуге келіспейді. Басылымның хабарлауынша, олардың саны жалпы жалға алушылардың 10 пайызын құрайды.

"Менің ойымша, аталған норманың нарыққа әсері оның қаншалықты пайдалы екеніне байланысты", - дейді сараптама қызметінің жетекшісі Анна Шацкая.

Оның айтуынша, мәселе аталған норманың сақталуында. "Жалдамалы үй нарығы тез құбылатындықтан, оны бақылауда ұстау үшін де жедел шара қолдану керек. Реттеуші орган шарасы (учаскілік полиция тексеруі, ескертулер мен айыппұлдар) қабылданбайынша, "көлеңкеде" жатқан жалдаушылар өз қызметтерін заңдастыруға асықпайды. Жалға алушылар көп жағдайда құжат рәсімдемегендіктен, үйдің жалдамалы екенін тексеруші органға дәлелдеу мүмкін емес деуге болады", - дейді сарапшы.

Жалдағаны үшін салық төлеу жалдау ақысын көтеріп жібереді

Сауалнамаға сүйенсек, арендаға берушілердің көпшілігі өз істерін заңдастыруға дайын болғанымен, басым бөлігі салық органдарына тіркелгісі жоқ. Егер жалдамалы үйлерді салық органына тіркейтін болса, бірден жалдамалы үй бағасы көтеріліп кетеді.

Нақтырақ айтар болсақ, салық органдарына тіркелген жағдайда, жалдамалы баспана бағасы орта есеппен 7-10 пайызға артады.