Елбасы • 22 Қараша, 2021

Елбасы тұлғасы – қылқалам ұшында

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент – Ел­басы кітапхана­сын­да «Тұл­ғаның тылсым сыры» атты көрменің ашы­луы өтті. Іс-шараға Пар­ла­мент Сенатының депу­тат­тары қатысты. Көрме Елбасы кітапханасы­ның музей коллекциясындағы бейнелеу өнерінің туынды­лары мен ыдыс-аяқтар топта­маларының «портреттер» тақы­рыптық тобынан дайындалды.

Елбасы тұлғасы – қылқалам ұшында

Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті күніне орай­ластырылған іс-шара Н.Назар­баевтың тұлғасын те­реңірек тану­ға бағытталған.

Іс-шараны ашқан Елбасы кітапханасының директоры Ба­қыт­жан Темірболат өз сөзінде: «Қа­зақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы зама­науи қазақстандық мем­лекет­тіліктің негізін қалаушы ретінде әлемдік саясат тарихына енді.

Көбіне Нұрсұлтан Назар­баев­тың феномені қазақ­стан­­дық жол­дың жетістігін ай­қындай­ды. Сондықтан да оның өмірі мен қызметі зерттеу­ші­лердің, журналистердің, жазу­шы­лар­дың басты назарында.

Елбасының тарихи мұра­сы­­на арналған көптеген ең­бек­­­­тің ішінде бейнелеу өнері ше­берлерінің көркем туын­ды­лары да өзекті. Осы тұс­­та біз сіздерді Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы­ның бейнесіне басқа қы­рынан үңі­ліп, оған түрлі мә­де­ниеттер мен көркемөнер мек­тептері өкіл­дерінің көзімен қа­рауға шақы­рамыз», деді.

Сондай-ақ Парламент Сена­тының депутаты Ольга Булав­кина: «Тұңғыш Президенттің ел алдындағы үлкен жауапкерші­лігі төрткүл дүниеге көпұлтты Қа­зақстанды мүмкіндігі мол мем­­лекет ретінде көрсете біл­ді. Бей­бітшілік, келісім мен тұрақ­ты­лық тәуелсіз мемлекет құру­дың негізіне айналды», деп Ел­ба­сының саясаткерлік қырына тоқталды.

Көрмеге шетелдік көш­­бас­шылар, белгілі қоғам және мем­­лекет қайраткерлері сый­ға тарт­­қан портреттердің ша­ғын бө­лі­гі қойылған. Олар – көр­кем жә­не сәндік-қолданбалы өнер­дің біре­гей авторлық техникала­ры мен жанрларында түрлі мате­риал­дар­дан: тас, әйнек, балық терісі, тас үгін­ділері, табиғи теңіз құмы, шіл­тер сым, күріш, тары, фарфор және т.б. жасалған туын­дылар.

1