Егемен Қазақстан • 29 Қараша, 2021

«Егеменге» жазылыңыз – сыйлық ұтып алыңыз!

1353 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел тарихын ежелден тасқа басып, ұлт ұраншысына айналып келе жатқан газет-журналдардың, соның ішінде жүз жылдан астам жасампаз тарихы бар, отандық ақпарат кеңістігіндегі орны айрықша басылым «Egemen Qazаqstan»  мен «Казахстанская правда» газеттерінің жөні тұрақты оқырмандары үшін тіптен бөлек. Осыны ескере отырып, газет редакциясы 2022 жылға арналған баспасөзге жазылу науқанында өз оқырмандары мен жанашырлары үшін тарту-таралғысын әзірлеп отырғанын хабарлаймыз.

«Егеменге» жазылыңыз –  сыйлық ұтып алыңыз!

Атап айтсақ, «Егемен Қазақ­стан» республикалық газеті» ак­ционерлік қоғамы газет­терімізге 2022 жылға (ескерту: тек «Қазпошта» желісі арқылы 1 жылға толық жазылу керек, ұтыс жүлдегерлері желтоқсан айында анықталады) толық жазылған оқырмандар арасында ұтысқа смартфондар ойнатуды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, «Egemen Qazaq­stan» газеті өзіне барынша көп жа­зылым ұйымдастырып, қол­дау көрсеткен қарапайым жана­шыр­ларына да арнайы сыйлық­тарын ұсынады. Мә­се­лен, 15 адамды «Егеменге» жаз­дырған серіктесіне «Егемен Қазақ­стан кітапханасы» серия­сымен жарыққа шыққан «Бақорда» және «Жиырма бес жыл: жеңіс­тер мен жемістер» атты кітаптарын сыйға тартады. Ал енді 20 адамның «Еге­менге» жазылуына себепкер бол­ған оқырман аталған серия бо­йынша жарық көрген Ш.Мұр­тазаның «Намыс найза­ғайы»,  25 адамды жаздырса – Ә.Ке­кіл­байұлының «Дәуір дауысы», 30 адамды жаздырса –  «Ел және Ел­басы», 35 адамды жаздырса «Даналық дариясы»  атты құн­ды кітаптарын сыйлыққа алады.

Егер де 30  және одан көп жа­зы­лым ұйымдастыра алған адам болса, онда бұл оқыр­ма­ны­мызға бас басылымның ғасырлық тарихынан сыр шер­те­тін, ең құнды мақалалар топ­тас­ты­рыл­ған «Жүз жылдық жыл­на­ма» бес томдығы тарту етіледі.

Ел егемендігінің елеулі тіре­­гіндей болған «Egemen Qazaq­stan» халықпен бірге тыныстап, газет болашағы ұлтпен бірге ұл­ғая беретін болса – ол мемле­кет мерейі. Себебі «Egemen Qazaqstan» – бір сөзбен айтқанда, ба­йырғы тарихтың бүгіннен болашаққа бет түзеген байсалды көші сияқты.

Сол көштің қашанда қа­йыр­лы болуына қарапайым оқыр­ман, көзі қарақты газет жазы­лу­­шылары, өздеріңіз қосатын үлес үлкен!

«Егеменге» жазылыңыз,

Ол – рухани азығыңыз!