Кәсіпқой бокс • 23 Қараша, 2021

Мунгияға – Головкин, Жәнібекке – Андраде арман

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

The Ring журналисі Майкл Монтеро IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкин Жәнібек Әлімханұлының WBO чемпионы Деметриус Андрадемен жұдырықтасуына мүмкіндік тудыратындығына сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мунгияға – Головкин, Жәнібекке – Андраде арман

«Хайме Мунгияның Деметриус Андрадемен қолғап түйістіруге деген еш қызығушылығы жоқ екенін ескерсек, Андраде мен Әлімханұлы арасындағы шайқасты ұйымдастыратын кез келіп жеткенін түсінеміз. Мунгияның бар ойы – Головкинмен кездесу. Бір сөзбен айтқанда ол – Головкинмен, Жәнібек – Андрадемен қолғап түйістіруді армандап отыр. Хаймені білмедім, Жәнібектің арманы орындалуға жақын», деді ол өз ойын білдіріп.